ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Диалог терезесі - Веб басқару

Веб басқарудың негізгі функциясы — компания желісіндегі әр пайдаланушы үшін қатынасқан веб-сайттарды басқару. Желі әкімшісі пайдаланушы немесе пайдаланушылар тобы арқылы пайдаланушылар қатынаса алатын веб-сайттардың санаттарын анықтай алуы керек. Каталогтар қызметтеріне біріктіру веб басқару конфигурациясы үшін Active Directory топтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Әдепкі бойынша, бұл функция өшірілген болады. Осы мүмкіндікті қосқыңыз келсе, Веб басқаруды қосу опциясын қосулы күйіне орнатыңыз. Өңдеу түймесін басып, Ережелер өңдегішін ашыңыз. Алдын ала анықталған топтарды өзгерту үшін Өңдеу түймесін Санаттар өңдегіші жанында басыңыз немесе жаңа URL мекенжайлар тобын қосу үшін Өңдеу түймесін URL мекенжайлар топтарының өңдегіші жанында басыңыз.