IP жиынтықтары
IP жиынтығы – бірнеше Брандмауэр ережелерінде немесе Брутфорс шабуылынан қорғау ережелерінде бірдей мекенжайлар жиынтығын қайта пайдаланғанда ыңғайлы IP мекенжайларының бір логикалық тобын жасайтын IP мекенжайлар жинағы. ESET Endpoint Security сондай-ақ ішкі ережелер қолданылатын алдын ала анықталған IP жиынтықтарын қамтиды. Осындай топтардың бір мысалы – Сенімді аймақ. Сенімді аймақ компьютеріңіз бен компьютеріңізде сақталған ортақ файлдар басқа желі пайдаланушыларына көрінетін және жүйе ресурстары желідегі басқа пайдаланушылар үшін қолжетімді желі мекенжайларының тобын білдіреді.
IP жиынтығын қосу үшін:
- Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге кіруден қорғау > IP жиынтықтары > Өңдеу бөлімін ашыңыз.
- Қосу түймесін басып, аймақтың Атауы мен Сипаттамасын жазыңыз да, Қашықтағы компьютер мекенжайы (IPv4/IPv6, ауқым, бүркеніш) жолына қашықтағы IP мекенжайын жазыңыз.
- OK түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін IP жиынтықтарын өңдеубөлімін қараңыз.