Белсендіргіштер – Желі қосылымының профилін Желі қосылымына тағайындау үшін орындалуы тиіс реттелетін шарттар. Егер қосылған желіде қосылған желі профилі үшін белсендіргіштерде анықталған атрибуттар болса, профиль желіге қолданылады. Желіге қосылу профилінде бір немесе бірнеше белсендіргіш болуы мүмкін. Бірнеше белсендіргіштер болған кезде OR логикасы қолданылады (кемінде бір шарт орындалуы тиіс). Белсендіргіштерді Желі қосылымы профилінің өңдегішінде анықтауға болады. Реттелетін желі қосылымының профильдерін жасауды тәжірибелі пайдаланушы орындауы тиіс.
Келесі белсендіргіштер қолжетімді (Қазіргі уақытта қосылған желіге арналған мәліметтерді білгіңіз келсе, Желілік қосылымдарбөлімін қараңыз):
Адаптер
Адаптер түрі — Таңдалған адаптер түрінде желі қосылымы орнатылған жағдайда профильді қолдану.
Адаптер атауы — Желілік адаптер атауы сәйкес келгенде профильді қолдану.
Адаптердің IP мекенжайы — Желілік адаптердің IP мекенжайы сәйкес келгенде профильді қолдану.
|
DNS
DNS жұрнағы — Домен атауы сәйкес келгенде профильді қолдану.
DNS IP — DNS серверінің IP мекенжайы сәйкес келгенде профильді қолдану.
|
WINS
Салыстырылған Windows Internet Name Service (WINS) IP мекенжайы сәйкес келгенде профильді қолдану.
|
DHCP
DHCP IP — DHCP серверінің IP мекенжайын сәйкестендіру.
|
Әдетті шлюз
IP — Әдепкі шлюздің IP мекенжайы сәйкес келгенде профильді қолдану.
MAC мекенжайы — Әдепкі шлюздің MAC мекенжайы сәйкес келгенде профильді қолдану.
|
Wi-Fi
SCID — SCID (Wi-Fi атауы) сәйкес келгенде профильді қолдану.
Профиль атауы — Wi-Fi профилінің атауы сәйкес келгенде профильді қолдану.
Қауіпсіздік түрі — Қауіпсіздік түрі ашылмалы мәзірден таңдалғанға сәйкес келгенде профильді қолдану. (Бірнешеуін сәйкестендіргіңіз келсе, басқа белсендіргіш жасаңыз).
Шифрлау түрі — Шифрлау түрі ашылмалы мәзірден таңдалғанға сәйкес келгенде профильді қолдану. (Бірнешеуін сәйкестендіргіңіз келсе, басқа белсендіргіш жасаңыз).
Желі қауіпсіздігі — Желі Ашық/Қауіпсіз болғанда профильді қолдану.
|
Windows профилі
Желі Windows жүйесінде Домен/Жеке/Жалпыға ортақ ретінде конфигурацияланған болғанда профильді қолдану.
|
Түпнұсқалықты растау
Желінің түпнұсқалық растамасы желідегі белгілі бір серверді іздейді және серверді аутентификациялау үшін асимметриялық шифрлауды (RSA) пайдаланады. Аутентификацияланатын желінің атауы аутентификация серверінің параметрлерінде орнатылған атауға сәйкес келуі тиіс. Атауда әріптердің үлкен-кішілігі ескеріледі. Сервер атауын IP мекенжайы, DNS немесе NetBios атауы ретінде теруге болады.
ESET Authentication Server жүктеңіз
Жалпы кілтті келесі файл түрлерінің кез келгенін пайдаланып импорттауға болады:
- PEM шифрланған жалпы кілт (.pem). Бұл кілтті ESET аутентификация сервері арқылы жасауға болады
- Шифрланған жалпы кілт
- Жалпы кілт куәлігі (.crt)
Параметрлерді сынау үшін Сынау түймешігін басыңыз. Аутентификациялау сәтті болса, Серверді аутентификациялау сәтті болды хабарландыруы пайда болады. Аутентификациялау дұрыс теңшелмеген болса, келесі қате туралы хабарлардың біреуі шығады:
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Жарамсыз немесе сәйкес емес қолтаңба.
Сервер қолтаңбасы енгізілген жалпы кілтке сәйкес емес.
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Желі атауы сәйкес емес.
Конфигурацияланған желі атауы түпнұсқалығын растау серверінің аймағына сәйкес емес. Атаулардың екеуін де қарап шығып, бірдей екеніне көз жеткізіңіз.
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Серверден алынған жауап жарамсыз немесе жауап алынбады.
Сервер іске қосылмаған немесе оған қатынасу мүмкін болмаса, жауап алынбайды. Көрсетілген мекенжайда басқа HTTP сервері іске қосылса, жарамсыз жауап алынуы мүмкін.
Жарамсыз жалпы кілт енгізілді.
Енгізілген жалпы кілт файлы бүлінбегенін тексеріңіз.
|