Қайта іске қосу ұсынылады
Егер соңғы нүкте компьютерлері «Қайта іске қосу ұсынылады» сары ескертуін алса, ескертулердің көрсетілуін өшіруге болады.
«Қайта іске қосу қажет» немесе «Қайта іске қосу ұсынылады» ескертуін өшіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Кеңейтілген орнату опциясына кіру үшін F5 пернесін басыңыз және Ескертулер мен хабар жолақтары бөлімін кеңейтіңіз.
- Интерактивті ескертулер тізімі жанындағы Өңдеу опциясын басыңыз. Компьютер бөлімінде Компьютерді қайта іске қосу (міндетті) және Компьютерді қайта іске қосу (ұсынылған) опциялары жанындағы құсбелгілерді алып тастаңыз.
- Екі ашық терезедегі өзгертулерді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
- Ескертулер енді соңғы нүкте компьютерінде көрсетілмейді.
- (қосымша) ESET Endpoint Antivirus негізгі бағдарлама терезесінде Қолданба күйлері терезесі ішінен қолданба күйін өшіру үшін, Компьютерді қайта іске қосу қажет және Компьютерді қайта іске қосу ұсынылады опциялары жанындағы құсбелгілерді алып тастаңыз.