Желіге қатынасу ақаулықтарын жою
Ақаулықтарды жою шебері брандмауэры тудыратын қосылу мүмкіндігі мәселелерін шешуге көмектеседі. Желіге кіру ақаулықтарын жоюды негізгі бағдарлама терезесінде > Орнату > Желі > Блокталған байланысты шешу бөлімінен табуға болады.
Мұны Жергілікті бағдарламалар үшін блокталған байланысты немесе Қашықтағы құрылғылардан блокталған байланысты көрсету қажет болса таңдаңыз.
Ашылмалы мәзірде байланыс блокталған уақыт кезеңін таңдаңыз. Жақында блокталған байланыстар тізімі қолданба немесе құрылғы түрі туралы шолуды, сол уақыт кезеңінде блокталған қолданба және құрылғылардың репутациясын және жалпы санын береді. Блокталған байланыс туралы қосымша мәліметтер алу үшін Мәліметтер тармағын басыңыз. Келесі қадам — байланыс мәселелері болып жатқан қолданбаны немесе құрылғыны блоктаудан шығару.
Блоктаудан шығару түймешігін басқанда бұрын блокталған байланысқа рұқсат етіледі. Қолданбада мәселелер жалғасса немесе құрылғы күтілгендей жұмыс істемесе, басқа ереже жасау тармағын басыңыз, сонда сол құрылғы үшін бұрын блокталған барлық байланыстарға рұқсат етіледі. Мәселе қалса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін: |
Ережені жасау мүмкін болмаса, қате туралы хабар аласыз. Байланысты блоктан босату үшін Қайталап көру түймешігін басып, процесті қайталаңыз немесе блокталған байланыс тізімінен басқа ереже жасаңыз. |