ESET Endpoint Antivirus бағдарламасымен жұмыс істеу
ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының негізгі бағдарлама терезесі екі бөлікке бөлінеді. Оң жақтағы негізгі терезеде сол жақтағы негізгі мәзірден таңдалған опцияға сай ақпарат көрсетіледі.
Суреттері бар нұсқаулар Ағылшын және басқа да бірнеше тілде берілген иллюстрациялы нұсқауларды ESET Windows өнімдерінің негізгі бағдарлама терезесін ашу бөлімінен қараңыз. |
ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының пайдаланушылық интерфейсінің түстер схемасын негізгі бағдарлама терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышында таңдауға болады. Кішірейту белгішесінің жанындағы Түстер схемасы белгішесін (белгіше қазіргі уақытта таңдалған түстер схемасы негізінде өзгереді) басып, ашылмалы мәзірден түстер схемасын таңдаңыз:
- Жүйе түсімен бірдей – Операциялық жүйе параметрлерінің негізінде ESET Endpoint Antivirus түстер схемасын орнатады.
- Қараңғы – ESET Endpoint Antivirus үшін қара түстер схемасы (қараңғы режим) қолданылады.
- Жарық – ESET Endpoint Antivirus үшін стандартты, ашық түсті схема қолданылады.
Негізгі мәзір опциялары:
Қорғау күйі – ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының қорғау күйі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.
Компьютерді қарап шығу — компьютерді қарап шығуды конфигурациялау және іске қосу немесе таңдамалы қарап шығуды жасау.
Жаңарту – Модуль мен анықтау механизмінің жаңартулары туралы ақпаратты көрсетеді.
Құралдар – Бағдарлама басқаруды жеңілдетуге көмектесетін және озық пайдаланушылар үшін қосымша опцияларды ұсынатын басқа мүмкіндіктер.
Орнату – ESET Endpoint Antivirus қорғау мүмкіндіктерін конфигурациялау опцияларын және Кеңейтілген орнату функциясына қатынасу рұқсатын қамтамасыз етеді.
Анықтама және қолдау – Лицензияңыз, орнатылған ESET өнімі және Онлайн анықтама, ESET білім базасы және Техникалық қолдау қызметі бөлімдеріне апаратын сілтемелер туралы ақпаратты көрсетеді.