Көрсету режимі
Көрсетілім режимі — бағдарламалық құралды кедергісіз пайдалануды қажет ететін, хабарландыру/ескерту терезелердің мазалауын қаламайтын және CPU пайдалануын барынша азайтқысы келетін пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. Сондай-ақ, көрсету режимін антивирустың әрекеті үзе алмайтын көрсетілімдер кезінде пайдалануға болады. Бұл мүмкіндікті қосқанда, барлық қалқымалы терезелер өшіріледі және жоспарлағыш әрекеті толығымен тоқтатылады. Жүйені қорғау әлі де фонда орындалады, бірақ ешбір пайдаланушының араласуын қажет етпейді.
Көрсетілім режимін негізгі бағдарлама терезесінде Орнату > Компьютерді қорғау тармағының астында Көрсетілім режимі жанындағы немесе параметрін басу арқылы қосуға немесе өшіруге болады. Көрсету режимін қосу қауіпсіздікке ықтимал қауіп болып табылады, сондықтан тапсырмалар тақтасындағы қорғау күйінің белгішесі қызғылт сарыға айналады және ескертуді көрсетеді. Сондай-аќ, бђл ескертуді баѓдарламаныњ негізгі терезесінде кљресіз, онда Көрсетілім режимі белсенді сарѓылт тџсте кљрсетіледі.
Толық экрандық қолданбаны іске қосқанда және қолданбадан шыққаннан кейін тоқтатқанда көрсетілім режимі басталуы үшін Кеңейтілген орнату > Құралдар > Көрсетілім режимі тармағында Қолданбалар толық экранды режимде жұмыс істеп тұрғанда Көрсетілім режимін автоматты түрде қосу параметрін белсендіріңіз.
Көрсетілім режимі қанша уақыттан кейін автоматты түрде өшірілетінін анықтау үшін Көрсетілім режимін келесі уақыттан кейін автоматты түрде өшіру опциясын іске қосыңыз.