ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Пайдаланушы интерфейсі

ESET Endpoint Antivirus Бағдарламасының негізгі терезесі екі негізгі бөлімге бөлінген. Оң жақтағы негізгі терезеде сол жақтағы негізгі мәзірден таңдалған опцияға сай ақпарат көрсетіледі.

Қорғау күйі – ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының қорғау күйі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

Компьютерді қарап шығу – компьютерді қарап шығуды конфигурациялау және іске қосу немесе таңдаулы қарап шығу ретін жасау не алынбалы құралды қарап шығу. Сондай-ақ, орындалған соңғы қарап шығуды қайталауға болады.

Жаңарту – Өнім нұсқасы және соңғы модульдер жаңартуы туралы ақпаратты көрсетеді және жаңартулардың бар-жоғын қолмен тексеруге мүмкіндік береді.

Орнату – бұл опцияны Компьютер немесе Веб және электрондық пошта қауіпсіздік параметрлерін реттеу үшін таңдаңыз.

Құралдар – «Журнал файлдары», «Қорғау статистикасы», «Көру белсенділігі», «Іске қосылған процестер», «Жоспарлағыш», «Карантин», ESET SysInspector және ESET SysRescue тармақтарына қалпына келтіру дискін жасау үшін қатынасуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, үлгіні талдауға жіберуге болады.

Анықтама және қолдау — Анықтама файлдарына, ESET білім қорына және ESET компаниясының веб-сайтына қатынасты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Техникалық қолдау қызметінің қолдау сұрауын ашу, қолдау құралдарын және өнімді белсендіру туралы ақпаратты ашу сілтемелері қолжетімді.


note

ESET Endpoint Antivirus өнімінің графикалық пайдаланушы интерфейсінің түстер схемасын өзгерту үшін Пайдаланушы интерфейсінің элементтері бөлімін қараңыз.

PAGE_HOME

Қорғау күйі экраны компьютердің қауіпсіздігі және ағымдағы қорғау деңгейі туралы хабарлайды. Жасыл Ең жоғары қорғау күйі ең жоғары қорғау қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Сондай-ақ, күй терезесі ESET Endpoint Antivirus бағдарламасындағы жиі пайдаланылатын мүмкіндіктерге және соңғы жаңарту туралы ақпаратқа жылдам сілтемелерді көрсетеді.

Бағдарлама тиісті түрде жұмыс істемесе не істеу керек?

Толығымен жұмыс істеп тұрған барлық бағдарлама модульдерінің жаында жасыл құсбелгі көрсетіледі. Модульге назар аудару керек болса, қызыл леп белгісі немесе сарғылт хабарландыру белгішесі көрсетіледі. Модуль туралы қосымша ақпарат, соның ішінде толық функцияларды қалпына келтіру әдісі туралы ұсыныс терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Модульдің күйін өзгерту үшін негізгі мәзірде Реттеу тармағын басыңыз, содан кейін қажетті модульді басыңыз.

PAGE_STATUS_02

MONITOR_RED Қызыл леп белгісі (!)  белгішесі компьютерді максималды қорғау қамтамасыз етілмегенін көрсетеді. Бұл хабарландыру түріне келесі сценарийлерде кездесуіңіз мүмкін:

  • Антивирустық және антишпиондық қорғау кідіртілген - Антивирустық және антишпиондық қорғауды қайта қосу үшін Қорғау күйі тақтасында Барлық антивирустық және антишпиондық қорғау модульдерін іске қосу пәрменін басыңыз немесе негізгі бағдарлама терезесінде Реттеу тақтасында Антивирустық және антишпиондық қорғауды қосу пәрмеін басыңыз.
  • Антивирустық қорғау жұмыс істеп тұрған жоқ - Вирустарды қарап шығу құралын баптандыру сәтсіз аяқталды. ESET Endpoint Antivirus модульдерінің көпшілігі тиісті түрде жұмыс істемейді.
  • Антифишингтік қорғау жұмыс істеп тұрған жоқ - Бұл мүмкіндік жұмыс істеп тұрған жоқ, өйткені басқа міндетті бағдарлама модульдері белсенді емес.
  • Анықтау механизмі ескірген — Бұл қате анықтау механизмін (бұрынғы вирус қолтаңбасының дерекқоры) жаңартуға бірнеше сәтсіз әрекет жасалғаннан кейін шығады. Жаңарту параметрлерін тексеру ұсынылады. Бұл қатенің ең жиі себебі – дұрыс емес енгізілген аутентификациялау деректері немесе қате конфигурацияланған қосылым параметрлері.
  • Өнім белсендірілмеген немесе Лицензияның мерзімі біткен — Бұл қызыл қорғау күйі белгішесімен көрсетіледі. Лицензияның мерзімі біткеннен кейін бағдарламаны жаңарту мүмкін болмайды. Лицензияны жаңарту үшін ескерту терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.
  • Басты компьютерге басып кіруді болдырмау жүйесі (HIPS) өшірілген - Бұл мәселе HIPS «Кеңейтілген орнату» тармағында өшірілген кезде көрсетіледі. Компьютеріңіз кейбір қауіп түрлерінен қорғалмаған және HIPS қосу пәрменін басу арқылы қорғауды дереу қайта қосу керек.
  • ESET LiveGrid® өшірілген - Бұл мәселе ESET LiveGrid® «Кеңейтілген орнату» тармағында өшірілген кезде көрсетіледі.
  • Жүйелі жаңартулар жоспарланбаған – жаңарту тапсырмасын кестеге қоспасаңыз, ESET Endpoint Antivirus маңызды жаңартуларды тексермейді немесе алмайды.
  • Ұрлыққа қарсы модулі өшірілген - Бұл функцияны қайта қосу үшін Ұрлыққа қарсы модулін қосу пәрменін басыңыз.
  • Желіге қатынасу блокталған — ESET PROTECT ішіндегі осы жұмыс станциясының Компьютерді желіден оқшаулау клиенттік тапсырмасы іске қосылған кезде көрсетіледі. Қосымша ақпарат бойынша жүйе әкімшісіне хабарласыңыз.
  • Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау кідіртілген - Нақты уақыттағы қорғауды пайдаланушы өшірген. Компьютер қауіптерден қорғалмаған. Бұл функцияны қайта қосу үшін Нақты уақытағы қорғауды қосу пәрменін басыңыз.

MONITOR_ORANGE Сарғылт «i» ESET өніміне маңызды емес мәселеге байланысты назар аудару керек екенін көрсетеді. Ықтимал себептер мыналарды қамтиды:

  • Вебке кіруді қорғау өшірілген - Вебке кіруді қорғауды қайта қосу үшін қауіпсіздік туралы хабарландыруды басыңыз, содан кейін Вебке кіруді қорғауды қосу пәрменін басыңыз.
  • Лицензияңыздың мерзімі жақында бітеді — Бұл леп белгісі бар қорғау күйі белгішесі арқылы көрсетіледі. Лицензияңыздың мерзімі біткеннен кейін бағдарлама жаңартыла алмайды және қорғау күйі белгішесі қызыл түске айналады.
  • Антиспамдық қорғау кідіртілген - Бұл мүмкіндікті қайта қосу үшін Антиспамдық қорғауды қосу пәрменін басыңыз.
  • Веб басқару қорғау кідіртілген - Бұл мүмкіндікті қайта қосу үшін Веб басқаруды қосу пәрменін басыңыз.
  • Саясатты қайта анықтау белсенді - Саясат арқылы орнатылған конфигурация уақытша қайта анықталды, ақаулықтарды жою аяқталғанша болуы мүмкін. Тек рұқсат етілген пайдаланушы саясат параметрлерін қайта анықтай алады. Қосымша ақпаратты Қайта анықтау режимін пайдалану әдісі бөлімінде қараңыз.
  • Құрылғыны басқару қорғау кідіртілген - Бұл мүмкіндікті қайта қосу үшін Құрылғыны басқаруды қосу пәрменін басыңыз.

ESET Endpoint Antivirus қолданбасының бірінші тақтасындағы көрінудің өнімнің ішіндегі күйлерін реттеу үшін Қолданба күйлері бөлімін қараңыз.

Егер ұсынылған шешімдер арқылы мәселені шешу мүмкін болмаса, анықтама файлдарына қатынасу үшін Анықтама және қолдау опциясын басыңыз немесе ESET білім қоры ішінде іздеңіз. Егер әлі де көмек қажет болса, ESET Техникалық қолдау қызметіне сұрау жіберуге болады. ESET Техникалық қолдау қызметі сұрақтарыңызға жылдам жауап береді және шешімді табуға көмектеседі.


note

Егер күй ESET PROTECT саясаты арқылы бұғатталған мүмкіндікке жатса, сілтемені басу мүмкін болмайды.