ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Жаңарту параметрлері

ESET Endpoint Antivirus Бағдарламасын тұрақты түрде жаңарту – компьютерде ең жоғарғы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең жақсы әдісі. Жаңарту модулі бағдарлама модульдерінің де, жүйе құрамдастарының да әрдайым жаңартылған күйде болуын қамтамасыз етеді.

Негізгі бағдарлама терезесінде Жаңарту командасын таңдау арқылы ағымдағы жаңарту күйін, соның ішінде соңғы сәтті жаңартудың күні мен уақытын көруге және жаңарту керектігін не керек еместігін анықтауға болады.

Автоматты жаңартулармен қоса қолмен жаңартуды іске қосу үшін Жаңартуларды тексеру түймешігін басуға болады.

PAGE_UPDATE

Кеңейтілген орнату терезесі (негізгі мәзірден Орнату > Кеңейтілген орнату тармағын немесе пернетақтадағы F5 пернесін басыңыз) қосымша жаңарту опцияларын қамтиды. Жаңарту режимі, прокси серверге қатынасу, LAN қосылымдары және анықтау механизмі көшірмесін жасау параметрлері сияқты кеңейтілген жаңарту опцияларын конфигурациялау үшін Кеңейтілген орнату ішіндегі Жаңарту опциясын басыңыз.

Егер жаңартуда қиындықтар туындаса, жаңарту кэшін тазалау үшін Тазалау опциясын басыңыз. Егер бәрібір бағдарлама модульдерін жаңарта алмасаңыз, «Модульдерді жаңарту сәтсіз аяқталды» хабарының ақаулықтарын жою бөлімін қараңыз.

CONFIG_UPDATE_ROLLBACK

Профильдер > Жаңартулар > Модуль жаңартулары ішіндегі Автоматты түрде таңдау опциясы әдепкі бойынша қосылады. Жаңартулар алу үшін ESET жаңарту серверін пайдаланған кезде бұны қалпында қалдырған жөн.

Оңтайлы жұмыс істеу үшін бағдарлама автоматты түрде жаңартылуы тиіс. Автоматты жаңарту Анықтама және қолдау > Өнімді белсендіру ішіне дұрыс лицензия кілті енгізілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Егер орнатудан кейін Лицензия кілті енгізбеген болсаңыз, мұны кез келген уақытта істей аласыз. Белсендіру туралы толық ақпарат алу үшін ESET Endpoint Antivirus белсендіру бөлімін қараңыз.