Веб және электрондық пошта
Веб және электрондық пошта қорғауын конфигурациялау үшін Орнату терезесіндегі Интернетті қорғау түймешігін басыңыз. Осы жерден бағдарламаның егжей-тегжейлі параметрлерін ашуға болады.
Жеке қорғау модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін жүгірткі жолағы белгішесін басыңыз.
Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін. |
Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.
Интернетке қосылу мүмкіндігі – жеке компьютерлердегі стандартты мүмкіндік. Өкінішке орай, интернет зиянды кодты тасымалдаудың негізгі құралына айналды. Осыған байланысты, Веб-қатынасты қорғау параметрлерін мұқият қарастыру маңызды.
Антифишингтік қорғау — құпия сөздерді және басқа құпия ақпаратты алуға тырысатын заңсыз веб-сайттардан көбірек қорғанысты қамтамасыз ететін тағы бір қорғау қабаты.
Электрондық пошта клиентін қорғау POP3(S) және IMAP(S) протоколдары арқылы алынатын электрондық пошта хабарларын бақылауды қамтамасыз етеді. Электрондық пошта клиентіне қосылмалы модульді пайдаланып, ESET Endpoint Antivirus электрондық пошта клиентінің барлық байланыстарын бақылауды қамтамасыз етеді.