ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Протоколды сүзу

Қолданба протоколдарына арналған антивирустық қорғау барлық зиянды бағдарламаларды қарап шығудың кеңейтілген әдістерін біртұтас біріктіретін ThreatSense қарап шығу механизмімен қамтамасыз етіледі. Протоколды сүзу пайдаланылатын Интернет браузеріне немесе электрондық пошта клиентіне қарамастан автоматты түрде жұмыс істейді. Шифрланған (SSL) параметрлерді өңдеу үшін Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > SSL/TLS тармағына өтіңіз.

Бағдарламалық протокол мазмұнын сүзуді қосу – протоколды сүзуді өшіру үшін пайдалануға болады. Көп ESET Endpoint Antivirus компоненттері (Веб-қатынасты қорғау, Электрондық пошта протоколдарын қорғау, Антифишинг, Веб-басқару) осыған тәуелді екенін және онсыз қызмет етпейтінін ескеріңіз.

Қосылмаған қолданбалар – Белгілі бір қолданбаларды протоколды сүзу тізімінен шығарып тастайды. Протоколды сүзу үйлесімділік мәселелерін тудырғанда пайдалы.

Шығарылған IP мекенжайлары – Белгілі бір қашықтағы мекенжайларды протоколды сүзу тізімінен шығарып тастайды. Протоколды сүзу үйлесімділік мәселелерін тудырғанда пайдалы.


example

IPv4 мекенжайлары және бүркеніші:

  • 192.168.0.10 - Ереже қолданылатын жеке бір компьютердің IP мекенжайын қосады.
  • 192.168.0.1 және 192.168.0.99 - Ереже қолданылатын IP ауқымын (бірнеше компьютердің) көрсету үшін бірінші және соңғы IP мекенжайын енгізіңіз.
  • Ішкі желі (компьютерлер тобы) IP мекенжайы мен бүркеніш бойынша анықталады. Мысалы, 255.255.255.0192.168.1.1 және 192.168.1.254 мекенжайлар ауқымын білдіретін 192.168.1.0/24 префиксі үшін желілік бүркеніш.

IPv6 мекенжайы және бүркеніші:

  • 2001:718:1c01:16:214:22ff:fec9:ca5 — Ереже қолданылатын жеке компьютердің IPv6 мекенжайы
  • 2002:c0a8:6301:1::1/642002:c0a8:6301:0001:0000:0000:0000:0000 және 2002:c0a8:6301:0001:ffff:ffff:ffff:ffff ауқымын білдіретін 64 битті префикс ұзындығымен IPv6 мекенжайы