ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Компьютерді қорғау

Барлық қорғау модульдеріне жасалған шолуды көру үшін негізгі бағдарлама терезесі > Орнату бөлімінде Компьютерді қорғау түймешігін басыңыз:

Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау — Барлық файлдар ашылғанда, жасалғанда немесе іске қосылғанда, оларда зиянды кодтың бар-жоғы тексеріледі.

Құрылғыны басқару - Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды қарап шығуға, блоктауға немесе реттеуге және пайдаланушының осы құрылғыға (CD/DVD/USB...) кіру және жұмыс істеу жолын таңдауға мүмкіндік береді.

HIPS - HIPS жүйесі операциялық жүйедегі оқиғаларды бақылайды және оларға теңшелген ережелер жиынына сай жауап береді.

Ойыншы режимі - Ойыншы режимін қосады немесе өшіреді. Ойыншы режимін қосқаннан кейін сіз ескерту хабарын (ықтимал қауіпсіздік қаупі) аласыз және негізгі терезе қызғылт сары түске боялады.

Жеке қорғаныс модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін MODULE_ENABLED ауыстырып қосқыш белгішесін басыңыз.


warning

Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін.

Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы GEAR тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.

Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау үшін GEAR тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:

КонфигурациялауФайлдық жүйені нақты уақыт қорғаудың Кеңейтілген баптау бетін ашады.

Шығарып тасталғандарды өңдеуШығарып тастауды баптау терезесін ашып, қалаған файлдарды және қалталарды қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді.

PAGE_SETTINGS_ANTIVIRUS

Антивирустық және антишпиондық қорғауды кідірту — Антивирустық және антишпиондық қорғау модульдерінің барлығын өшіреді. Қорғауды өшіргенде Уақыт аралығы ашылмалы мәзірін пайдаланып қорғау қанша уақыт бойы өшірулі болатынын анықтауға болатын терезе ашылады. Сіз тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз немесе ESET техникалық қолдау қызметінен нұсқаулар алған болсаңыз ғана пайдаланыңыз.