Ойыншы режимі
Ойыншы режимі — бағдарламалық құралды кедергісіз пайдалануды қажет ететін, хабарландыру/ескерту терезелердің мазалауын қаламайтын және CPU пайдалануын барынша азайтқысы келетін пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. Сондай-ақ, ойыншы режимін антивирустық әрекетімен үзілмейтін көрсетілімдер кезінде пайдалануға болады. Бұл мүмкіндік қосылса, барлық хабарландыру терезесі өшіріледі және жоспарлағыш әрекеті толығымен тоқтатылады. Жүйені қорғау әлі де фонда орындалады, бірақ ешбір пайдаланушының араласуын қажет етпейді.
Ойыншы режимін негізгі баѓдарлама терезесінде Орнату > Компьютерді ќорѓау тармаѓыныњ астында Ойыншы режимі жанындаѓы немесе параметрін басу арќылы ќосуѓа немесе љшіруге болады. Ойыншы режимін ќосу ќауіпсіздікке ыќтимал ќауіп болып табылады, сондыќтан тапсырмалар таќтасындаѓы ќорѓау кџйініњ белгішесі ќызѓылт сарыѓа айналады жѕне ескертуді кљрсетеді. Сондай-аќ, бђл ескертуді баѓдарламаныњ негізгі терезесінде кљресіз, онда Ойыншы режимі белсенді сарѓылт тџсте кљрсетіледі.
Ойыншы режимі басталмайтын Шығарылған қолданбаларды қосыңыз немесе өңдеңіз. Ойыншы режимінен шығарылған қолданбаларды қараңыз.
Толық экрандық қолданбаны іске қосқанда және қолданбадан шыққаннан кейін тоқтатқанда ойыншы режимі басталуы үшін Кеңейтілген реттеу > Құралдар > Ойыншы режимі тармағында Қолданбалар толық экран режимінде жұмыс істеп тұрғанда, ойыншы режимін автоматты түрде қосу параметрін белсендіріңіз.
Ойыншы режимі белсенді болған кезде, пайдаланушының әрекеттестігін талап ететін терезелерді көрсетпеу параметрін қосулы қалдырыңыз, сол кезде ойыншы режимі белсенді болса да, әрекеттестік терезелері көрсетілмейді.
Ойыншы режимі қанша уақыттан кейін автоматты түрде өшірілетінін анықтау үшін Ойыншы режимін Х минуттан кейін автоматты түрде өшіру опциясын іске қосыңыз.