Компьютерді қорғау
Компьютер қорғанысы түймесін Баптау терезесінен басып, барлық қорғаныс модульдері туралы жалпы шолуды көріңіз.
•Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау
•Хостқа енуді болдырмау жүйесі (HIPS)
Жеке қорғау модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін
жүгірткі жолағы белгішесін басыңыз.
Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін. |
Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы
тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.
Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау үшін
тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:
•Конфигурациялау – Файлдық жүйені нақты уақыт қорғаудың Кеңейтілген баптау бетін ашады.
•Шығарып тасталғандарды өңдеу – Шығарып тастауды баптау терезесін ашып, қалаған файлдарды және қалталарды қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді.

Антивирустық және антишпиондық қорғауды кідірту — Антивирустық және антишпиондық қорғау модульдерінің барлығын өшіреді. Қорғауды өшіргенде Уақыт аралығы ашылмалы мәзірін пайдаланып қорғау қанша уақыт бойы өшірулі болатынын анықтауға болатын терезе ашылады. Сіз тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз немесе ESET техникалық қолдау қызметінен нұсқаулар алған болсаңыз ғана пайдаланыңыз.
