ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Құрылғыны басқару

ESET NOD32 Antivirus автоматты құрылғы (CD/DVD/USB/...) басқару элементімен қамтамасыз етеді. Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды бұғаттауға немесе реттеуге және пайдаланушылардың осы құрылғыға қатынасу және онымен жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайды. Бұл компьютер әкімшісі пайдаланушылардың қалаусыз мазмұны бар құрылғыларды пайдалануға жол бермеуді қалаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.

Қолдау көрсетілген сыртқы құрылғылар:

Диск сақтау құралы (HDD, USB алынбалы дискі)

CD/DVD

Принтер USB

FireWire сақтау құралы

Bluetooth Құрылғы

Смарт карта оқушы

Кескін құрушы құрылғы

Модем

LPT/COM порт

Тасымалданатын құрылғы

Барлық құрылғы түрлері

«Құрылғы басқаруды орнату» опцияларын Кеңейтілген орнату (F5) > Құрылғыны басқару тармағында өзгертуге болады.

Құрылғыны қосу басқару элементі жанындағы жүгірткі жолағын қосып, ESET NOD32 Antivirus қолданбасындағы Құрылғыны басқару мүмкіндігін іске қосыңыз; осы өзгеріс күшіне енуі үшін компьютерді өшіріп, қайта қосу қажет болады. Құрылғыны басқару мүмкіндігі іске қосылған соң Ережелер өңдегіші терезесінде Ережелерді анықтауға болады.


note

сіз әр түрлі ережелер қоладнылатын әр түрлі құрылғылар топтарын жасай аласыз. Сондай-ақ, Рұқсат ету немесе Жазуға тыйым салу шараларын қамтитын ереже қолданылатын құрылғылардың тек бір тобын жасай аласыз. Бұл компьютерге қосылғанда «Құрылғыны басқару» арқылы танылмаған құрылғыларды блоктауды қамтамасыз етеді.

Егер бар ережемен блокталған құрылғы салынса, хабарландыру терезесі көрсетіледі және құрылғыға қатынас берілмейді.