Қауіпсіздік жөніндегі есеп
Сақталған құпия сөздер мен құрылғының қауіпсіздік ақпаратын көрсету үшін Мәзір > Қауіпсіздік жөніндегі есеп тармағын басыңыз. Егер Негізгі құпия сөзіңіз жеткілікті дәрежеде сенімді болмаса, Password Manager оны өзгертуге көмектеседі.
Жылысталған құпия сөзді тексеру құпия сөздерді haveibeenpwned.com веб-сайтындағы көптеген бұзылған құпия сөздермен салыстырып тексереді. Бұл үшін Жылысталған құпия сөз тексеруін бастау опциясын басыңыз.
Екі факторлы аутентификация ESET Password Manager есептік жазбаңызға аутентификацияның жай-күйі туралы хабарлайды.
Рутингке ұшыраған/бұзып ашылған құрылғы (тек Password Manager қолданбасында қол жетімді)
Рутингке ұшыраған Android құрылғысы немесе бұзып ашылған iOS құрылғысы қауіпті. Мұндай жағдай орын алса, басқа бір заңсыз бағдарламалық жасақтама құрылғыңыздың параметрлерін немесе операциялық жүйені басқарып, құрылғыңыздың немесе деректеріңіздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Рутингке ұшыраған немесе бұзып ашылған құрылғыдағы ESET мобильді қолданбалары тарауын оқыңыз.
Құрылғыңыздың рутингке ұшырағанын немесе оның бұзып ашылғанын білмесеңіз, мобильді сенім қызметі орталығына хабарласыңыз. |
Құрылғының аутентификациясы (тек Password Manager қолданбасында қолжетімді)
Экранды құлыптау параметрін орнатпасаңыз, кез келген адам құрылғыңызды пайдалана алады. Құрылғыны қорғау және деректерді қауіпсіздікте ұстау үшін PIN коды, құпия сөз немесе биометриялық аутентификация сияқты Құрылғы аутентификациясын іске қосыңыз. Android құрылғысында аутентификацияны орнату үшін Password Manager қолданбасында Құрылғы аутентификациясы > Параметрлерді ашу түймешігін түртіңіз. iOS құрылғысында Параметрлер > Touch ID және құпия коды опциясын басыңыз.