Негізгі құпия сөз
Негізгі құпия сөз — шифрланған дерекқорыңыздың кілті. Негізгі құпия сөзді тек сіз білесіз. ESET компаниясы оны серверлерде мүлдем сақтамайды немесе оны Интернет арқылы жібермейді.
Егер Негізгі құпия сөзді ұмытып қалсаңыз не жоғалтсаңыз, ол сізге қайта жіберілмейді. Есте сақталатын сенімді құпиясөзді міндетті түрде таңдап алыңыз және қауіпсіз орында сақталған деректердің қалпына келтіру кілті мен резервтік көшірмесін алыңыз.
Жалпы, Негізгі құпия сөз неғұрлым ұзағырақ болса, соғұрлым жақсырақ: Негізгі құпия сөз 8-ден аз емес таңбаны қамтуы және бас әріптер мен кіші әріптер, сандар мен арнайы таңбалар тіркесімінен тұруы керек.
Негізгі құпия сөзімді ауыстырғым келеді
Егер ағымдағы негізгі құпия сөзіңізді біліп, оны ауыстырғыңыз келсе, Password Manager құралын ашыңыз және Мәзір > Параметрлер > Есептік жазбам тармағын басып, Негізгі құпия сөзді ауыстыру опциясын басыңыз.
Ұмытылған негізгі құпия сөзді қалпына келтіру
Қалпына келтіру кілті негізгі құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда деректеріңізді қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Негізгі құпия сөзді ауыстырған кезде, Password Manager жаңа қалпына келтіру кілтін жасайды. Жаңа қалпына келтіру кілтін қауіпсіз сақтаңыз.