Жазылым мерзімінің аяқталуына байланысты Password Manager есептік жазбасына қойылған шектеулер
ESET Password Manager жазылымының мерзімі біткеннен кейін деректеріңізді экспорттау үшін 60 күніңіз бар. Жеңілдік мерзімі біткеннен кейін, Password Manager есептік жазбаңыз жабылып, Password Manager ішіндегі барлық деректер жойылады. Есептік жазбаңыз жойылғаннан кейін, деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Есептік жазба жабылғанға дейін деректеріңізді экспорттаңыз Жеңілдік мерзімі аяқталғаннан кейін Password Manager есептік жазбасын деректеріңізбен бірге жоғалтып алмас үшін, құпия сөздеріңіздің және деректердің болашақта пайдаланылатын резервтік көшірмесін жасаңыз. Мәзір > Параметрлер > Деректер > Деректерді экспорттау тармағына өтіңіз. |
Password Manager қызметін айдалануды жалғастыру үшін, ESET Password Manager жазылымының мерзімі біткенге дейін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
•Жазылым иесі болсаңыз, жазылым мерзімін ұзартыңыз.
•ESET Password Manager бойынша талапқа сай бірнеше жазылымыңыз болса, мерзімі өткен жазылымды жарамдысына ауыстырыңыз.
•Password Manager қызметін басқа біреумен ортақ пайдалансаңыз, ESET Password Manager бойынша талапқа сай жазылым сатып алыңыз және ESET HOME есептік жазбасында Password Manager қызметін белсендіріңіз.