ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Құрт

Компьютер құрты — басты компьютерлерді шабуылдап, желі арқылы тарайтын зиянды коды бар бағдарлама. Вирус пен құрт арасындағы басты айырмашылық, құрттың өздігінен көбею қабілетінде; олар басты файлдарға (немесе жүктеу бөліктеріне) тәуелсіз болады. Құртттар контактілер тізіміндегі электрондық пошта мекенжайларына таралады немесе желілік қолданбалардағы қауіпсіздік осалдықтарын пайдаланады.

Сондықтан, құрттар компьютер вирустарына қарағанда әлдеқайда көп өмір сүреді. Интернеттің қол жетімді болуының арқасында олар ғаламға шығарылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде немесе тіпті бірнеше минут ішінде тарап кете алады. Тәуелсіз әрі жылдам көбею қабілеті зиянды бағдарламаның басқа түрлеріне қарағанда оларды әлдеқайда қауіпті етеді.

Жүйеде іске қосылған құрт бірқатар қолайсыздықтар тудыруы мүмкін: Ол файлдарды жойып жіберуі, жүйе жұмысын нашарлатуы немесе бағдарламаларды тіпті аштыртпай қоюы мүмкін. Компьютер құртының табиғаты оны инфильтрацияның басқа түрлері үшін «тасымал құралы» ретінде анықтайды.

Егер компьютеріңіз құрт жұқтырса, вирус жұққан файлдарыңызды жою ұсынылады, себебі оларда зиянды код болуы мүмкін.