Вирус
Компьютер вирусы — компьютеріңіздегі бар файлдарға алдын ала үстелетін немесе қосылатын зиянды код бөлігі. Вирустар бір жерден басқа жерге таралу үшін ұқсас әдістерді пайдаланатындықтан, биологиядағыдай «вирустар» деп аталады. Ал «вирус» терминіне келетін болсақ, ол әдетте кез келген қауіп түрін білдіру үшін қате пайдаланылады. Оның орнына нақтырақ «зиянды бағдарлама» (зиянды бағдарламалық құрал) термині бірте-бірте пайдаланылуда және ауыстыруда.
Компьютер вирустары негізінен орындалатын файлдар мен құжаттарға шабуыл жасайды. Қысқаша айтқанда, компьютер вирусы жұмысы: жұққан файлды іске қосқаннан кейін, зиянды код шақырылып және бастапқы қолданбасына дейін орындалады. Жазу рұқсаты бар пайдаланушының барлық файлдарын вирус жұқтыра алады.
Компьютер вирустарының мақсаты мен қауіптілігі әр түрлі болады. Кейбірі файлдардың қатты дискіден арнайы жою мүмкіндігіне байланысты аса қауіпті. Екінші жағынан, кейбір вирустар ешбір зиян келтірмейді: олар тек пайдаланушының мазасын алып, авторларының техникалық біліктілігін көрсету үшін ғана қызмет етеді.
Егер компьютеріңізге вирус жұққан болса және тазалау мүмкін болмаған жағдайда танысу үшін ESET Research Lab зерханасына жіберіңіз. Кейбір кездерде жұқан файлдар тазалау мүмкін болмайтын деңгейге дейін өзгеруі мүмкін және ол файлдар таза көшірмесіне ауыстырылады.