Ықтимал қауіпті бағдарламалар
Желіге қосылған компьютерлерді басқаруды жеңілдету үшін қызмет ететін көптеген заңды бағдарламалар бар. Дегенмен, кейбір адамдар оларды зиян келтіру мақсаттарында теріс пайдалануы мүмкін. ESET осындай қолданбаларды анықтау опциясын қамтамасыз етеді.
Ықтимал қауіпті бағдарламалар – коммерциялық, заңды бағдарламалар үшін пайдаланылатын жіктеу. Бұл жіктеу қашықтағы қатынас құралдары, құпиясөзбен қорғауды бұзатын бағдарламалар және пернетақталық шпиондар (пайдаланушы терген әр пернедегі әріпті жазатын бағдарлама) сияқты бағдарламаларды қамтиды.
Егер сіз компьютеріңізде қауіпі ықтимал қолданба барын және іске қосулы екенін (және оны сіз орнатпаған болсаңыз) анықтасаңыз, желі әкімшісімен кеңесіңіз немесе ол қолданбаны жойып тастаңыз.