Микробағдарлама
Белгілі бір аппараттық ішкі жүйені басқаратын немесе операциялық жүйені жүктемес бұрын компьютердің аппараттық құралын баптайтын бағдарлама.
Микробағдарламалардың көпшілігін бағдарламалық жасақтама арқылы жаңартуға болады, бірақ кейде чипті жаңартылған микробағдарлама бар басқа чипке ауыстыру қажет.
Аналық тақталар, бейнекарталар және дискілік контроллерлер сияқты құрылғылардың көбінесе өз микробағдарламалары болады, оларды әдетте құрылғыны өндірушіден арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жаңартуға болады.
ДК-лердегі микробағдарламаның екі кең тараған түрі - BIOS және UEFI.