DNS кэшін улау
DNS (Домендік атаулар сервері) кэшін «улауды» пайдаланып хакерлер кез келген компьютердің DNS серверін өздерінің беретін жалған деректер заңды және шынайы деп сендіруі мүмкін. Жалған ақпарат кэште белгілі бір уақыт сақталып, шабуылдаушыларға IP мекенжайлардың DNS жауаптарын өзгертіп жазуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Интернеттегі веб-сайттарға кірмекші болған пайдаланушылар, түпнұсқа мазмұнның орнына компьютер вирустарын немесе құрттарды жүктеп алады.