ESET Security Ultimate – Мазмұны

Құрылғыны басқару

ESET Security Ultimate қолданбасы құрылғыны ((CD/DVD/USB/т.б.) автоматты басқару мүмкіндігін береді. Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды бұғаттауға немесе реттеуге және пайдаланушылардың осы құрылғыға қатынасу және онымен жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайды. Бұл құрылғы әкімшісі пайдаланушылардың қалаусыз мазмұны бар құрылғыларды пайдалануға жол бермеуді қалаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.

Құрылғыны басқаруды конфигурациялау

Құрылғыны басқаруды конфигурациялау үшін F5 пернесін басып, Кеңейтілген орнату бөлімін ашып, Қорғаныстар > Құрылғыны басқару тармағына өтіңіз.

Құрылғыны басқару мүмкіндігін іске қосу үшін ESET Security Ultimate ішінде Құрылғыны басқаруды іске қосу ауыстырып қосқышын басыңыз. Барлық өзгертулердің күшіне енуі үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз. Құрылғыны басқару мүмкіндігі іске қосылған соң Ережелер өңдегіші терезесінде Ережелерді анықтауға болады.


example

Құрылғыны басқару барлық алынбалы құралға рұқсат берумен немесе блоктаумен шектелмейді. Нақты құрылғылар мен пайдаланушылар үшін ережелер жасай аласыз. Құрылғыға тән ерекшеліктерді жасау туралы қосымша нұсқаулар алу үшін Ережелер өңдегішін қараңыз.

Белгілі бір USB сақтау құрылғысына қол жеткізуге рұқсат беріп, басқа барлық алынбалы сақтау құрылғысын блоктай аласыз. Құрылғыны басқару ережелері құрылғы түрі, жеткізуші, үлгі немесе сериялық нөмір (құрылғы түрі мен қолжетімді ақпаратқа байланысты) сияқты құрылғы атрибуттарына негізделуі мүмкін.

Қолдау көрсетілген сыртқы құрылғылар:

•Диск сақтау құралы (HDD, USB алынбалы дискі)

•CD/DVD

•Принтер USB

•FireWire Сақтау құралы

•Bluetooth Құрылғы

•Смарт карта оқушы

•Кескін құрушы құрылғы

•Модем

•LPT/COM порт

•Портативті құрылғы (мультимедиа ойнатқыштар, смартфондар, қосып-ойнату құрылғылары және т.б. сияқты батареямен жұмыс істейтін құрылғылар)

•Барлық құрылғы түрлері


Ескертпе

Сіз әр түрлі ережелер қоладнылатын әртүрлі құрылғы топтарын жасай аласыз. Сондай-ақ, Рұқсат ету немесе Жазуға тыйым салу шараларын қамтитын ереже қолданылатын құрылғылардың тек бір тобын жасай аласыз. Бұл құрылғыға қосылғанда «Құрылғыны басқару» арқылы танылмаған құрылғыларды блоктауды қамтамасыз етеді.

Егер бар ережемен блокталған құрылғы салынса, хабарландыру терезесі көрсетіледі және құрылғыға қатынас берілмейді.