ESET Security Ultimate – Мазмұны

Пайдаланушы интерфейсі элементтері

ESET Security Ultimate Жұмыс істейтін ортаны (ГПИ) Кеңейтілген баптау > Пайдаланушы интерфейсі > Пайдаланушы интерфейсінің элементтері бөлімінде қажетіңізге сай реттеуге болады.

Түс режимі – Ашылмалы мәзірден ESET Security Ultimate ГПИ түстер схемасын таңдаңыз:

•Жүйе түсімен бірдей – Операциялық жүйе параметрлерінің негізінде ESET Security Ultimate түстер схемасын орнатады.

•Қараңғы – ESET Security Ultimate үшін қара түстер схемасы (қараңғы режим) қолданылады.

•Жарық – ESET Security Ultimate үшін стандартты, ашық түсті схема қолданылады.


Ескертпе

Сондай-ақ негізгі бағдарлама терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышында ESET Security Ultimate бағдарламасының пайдаланушылық интерфейсінің түстер схемасын таңдауға болады.

Іске қосу кезінде шашыраңқы экранды көрсету – Іске қосу кезінде ESET Security Ultimate шашыраңқы экранды көрсетеді.

Дыбыстық сигналды пайдалану – қарап шығу кезінде маңызды оқиғалар болса, мысалы, қауіп анықталса немесе қарап шығу аяқталса, бағдарламасы дыбыс шығарады.

Мөлдір фон – Негізгі бағдарлама терезесі үшін мөлдір фондық әсерді іске қосады. Мөлдір фон тек соңғы Windows нұсқалары (RS4 және одан кейінгі) үшін ғана қолжетімді.

Контекстік мәзірде көрсету: контекстік мәзірге ESET Security Ultimate басқару элементтерін ендіреді.

Пайдаланушы интерфейсі элементтері