Қосу Anti-Theft
Біз күнделікті жұмыстан үйге қатынағанда немесе басқа жерге барғанда үнемі жеке құрылғыларды жоғалту не ұрлату қаупі болады. Anti-Theft — құрылғы жоғалған не ұрланған жағдайда пайдаланушының қауіпсіздігін кеңейтетін мүмкіндік. Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, Anti-Theft қолданбасы құрылғының қалай пайдаланылып жатқанын бақылауға және ESET HOME есептік жазбасында жоғалған құрылғының IP мекенжайы арқылы орналасқан жерін табуға мүмкіндік береді, осылайша құрылғыңызды қайтаруға және жеке деректеріңізді қорғауға көметеседі.
Географиялық IP мекенжайын іздеу, веб-камераның кескін жазушы, пайдаланушы есептік жазбасын қорғау және Anti-Theft құрылғы мониторингі секілді жаңа технологияларды пайдалану сізге және құқық қорғау органдарына жоғалған не ұрланған компьютеріңізді немесе құрылғыңызды табуға көмектеседі. ESET HOME Есептік жазбасында компьютерде немесе құрылғыда қандай әрекет орындалатынын көруге болады.
ESET HOME ішінде Anti-Theft туралы қосымша ақпарат алу үшін ESET HOME Онлайн анықтама бөлімін қараңыз.
Anti-Theft қолданбасы пайдаланушы есептік жазбаларын басқарудағы шектеулерге байланысты домендердегі компьютерлерде дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. |
Anti-Theft Мүмкіндігін іске қосу және жоғалған немесе ұрланған жағдайда құрылғыны қорғау үшін келесі опциялардың бірін таңдаңыз:
•Негізгі бағдарлама терезесіне > Шолу түймешігін басып, жанындағы Anti-TheftОРНАТУ түймешігін басыңыз.
•Егер бағдарламаның басты терезесінде > Шолу экранда «Anti-Theft қол жетімді» хабары көрінсе, Anti-Theft іске қосу түймешігін басыңыз.
•Негізгі баѓдарлама терезесінде Реттеу > Ќауіпсіздік ќђралдары тармаѓын басыњыз.
Anti-Theft Ауыстырып қосуды іске қосып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер құрылғыңыз ESET HOME есептік жазбасына қосылмаған болса, мынаны орындауыңыз қажет: 1.Anti-Theft Мүмкіндігін іске қосқан кезде ESET HOME есептік жазбаңызға кіріңіз. |
Anti-Theft ішінде Microsoft Windows Home Server қолдауы жоқ. |
Anti-Theft Қолданбасын іске қосқан соң, құрылғының қауіпсіздігін бағдарламаның басты терезесінде > Орнату > Қауіпсіздік құралдары > Anti-Theft ішінде оңтайландыра аласыз.