ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Өнімді іске қосу

Өнімді іске қосудың бірнеше әдісі бар. Елге байланысты іске қосу терезесінде нақты іске қосу сценарийінің және тарату жолдарының (CD/DVD, ESET веб-беті, т.б.) қол жетімділігі өзгеріп отыруы мүмкін:

Егер өнімнің бөлшек қорапты нұсқасын сатып алсаңыз немесе жазылым мәліметтері бар электрондық хатты алсаңыз, Сатып алынған белсендіру кілтін пайдалану түймешігін басу арқылы өніміңізді белсендіріңіз. Белсендіру кілтін іске қосу сәтті болуы үшін ол берілген нұсқаудағыдай енгізілуі керек. Белсендіру кілті – жазылым иесінің жеке басын кәуландыру және жазылымды белсендіру үшін пайдаланылатын XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX немесе XXXX-XXXXXXXX пішіміндегі бірегей жол. Белсендіру кілті әдетте өнім қаптамасының ішінде немесе артында орналасады.

ESET HOME Есептік жазбасын пайдалану опциясын таңдаған соң, ESET HOME есептік жазбаңызға кіру сұралады.

Жазылымыңыз болмаса және сатып алғыңыз келсе, Жазылым сатып алу түймесін басыңыз. Бұл сізді жергілікті ESET таратушысының веб-сайтына қайта бағыттайды. ESET Windows негізгі өнім жазылымдары тегін емес.

Өнім жазылымын кез келген уақытта өзгертуге болады. Бұл үшін негізгі бағдарлама терезесінде Анықтама және қолдау > Жазылымды өзгерту тармағын басыңыз. ESET қолдау қызметіне жазылымыңызды анықтау үшін пайдаланылатын жалпыға ортақ жазылым идентификаторын көресіз.

MONITOR_RED Өнімді белсендіру сәтсіз аяқталды ма?

ACTIVATION