ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Интернетті қорғау

Интернетке қосылу мүмкіндігі – жеке компьютерлердегі стандартты мүмкіндік. Өкінішке орай, ол, сонымен бірге, зиянды кодты тасымалдаудың негізгі құралына айналды. Интернетті қорғау деңгейін арттыратын ESET Security Ultimate мүмкіндіктерін конфигурациялау үшін негізгі бағдарлама терезесін > Орнату > Интернетті қорғау бөлімін ашыңыз.

Жеке қорғаныс модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін MODULE_ENABLED ауыстырып қосқыш белгішесін басыңыз.


warning

Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін.

PAGE_SETTINGS_ANTISPAM

Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы GEAR тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.

Ата-ана баќылауы модулі балаларыњызды интернеттегі бейѕдеп немесе зиянды мазмђнды блоктау арќылы ќорѓайды.

Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі HTTP/HTTPS байланысында зиянды бағдарламалар мен фишинг бар-жоғын сканерлейді. Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі ақауларды жою үшін ғана өшірілуі тиіс.

Антифишингтік қорғау фишинг мазмұнын тарату үшін белгілі веб-беттерді блоктауға мүмкіндік береді. Антифишингті қосылған күйінде қалдыру ұсынылады.

Фишинг сайты туралы хабарлау — Фишинг/қасақана веб-сайтты ESET-ке талдау жасау үшін хабарлау.


note

ESET компаниясына жібермес бұрын мына шарттартын біріне не бірнешеуіне сай екендігін тексеріңіз:

Тіпті веб-сайт ашылмады.

Веб-сайт қауіп түрінде қате ашылды. Бұл жағдайда Қате блокталған бет туралы есеп беру әрекетін орындауға болады.

Электрондық пошта клиентін қорғау POP3(S) және IMAP(S) протоколдары арқылы алынатын электрондық пошта хабарларын бақылауды қамтамасыз етеді. Электрондық пошта клиентіне қосылмалы модульді пайдаланып, ESET Security Ultimate электрондық пошта клиентінің барлық байланыстарын бақылауды қамтамасыз етеді.

Электрондық пошта клиентін спамнан қорғау мүмкіндігі қажетсіз электрондық пошта хабарларын сүзеді.

Электрондық пошта клиентіне арналған антиспам үшін тісті дөңгелек белгішесін GEAR басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:

КонфигурацияланудаЭлектрондық пошта клиентін спамнан қорғау мүмкіндігі кеңейтілген параметрлерін ашады.

Пайдаланушының мекенжайлар тізімі (егер іске қосылса) – Спамға қарсы ережелерді анықтау үшін мекенжайларды қосуға, өңдеуге немесе жоюға болатын диалогтық терезені ашады. Бұл тізімдегі ережелер ағымдағы пайдаланушыға қолданылатын болады.

Ғаламдық мекенжайлар тізімі (егер іске қосылса) – Спамға қарсы ережелерді анықтау үшін мекенжайларды қосуға, өңдеуге немесе жоюға болатын диалогтық терезені ашады. Бұл тізімдегі ережелер барлық пайдаланушыларға қолданылатын болады.