ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Бағдарлама өзгерісі

Брандмауэр компьютерден шығыс қосылымдарын орнату үшін пайдаланылатын бағдарламадан өзгеріс анықтады. Бағдарлама жай ғана жаңа нұсқаға жаңарған болуы мүмкін. Екінші жағынан, өзгеріс зиянды бағдарламадан туындауы мүмкін. Егер қандай да бір заңды өзгеріс болғанын білмесеңіз, қосылымнан бас тартып, ең соңғы вирус қолтаңбасының дерекқоры көмегімен компьютерді қарап шығу ұсынылады.