ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Пайдаланушы есептік жазбалары

Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Вебке кіруді қорғау > Ата-ана бақылауы > Пайдаланушы есептік жазбалары > Өңдеу бөлімде белгілі бір пайдаланушыларды Интернеттегі орынсыз немесе зиянды мазмұнға қатынасудан қорғау үшін Ата-ана бақылауы пайдаланатын Windows пайдаланушы есептік жазбаларын байланыстыра аласыз.

Бағандар

Windows есептік жазбасы - пайдаланушының аты.

Қосылған - қосылған болса, белгілі бір пайдаланушы есептік жазбасы үшін ата-ана бақылауы параметрлері белсендіріледі.

Домен - пайдаланушы жататын доменнің атауы.

Туған күн — Осы есептік жазба жататын пайдаланушының жасы.

Басқару элементтері

Қосу - Пайдаланушы есептік жазбаларымен жұмыс істеу диалогтық терезесі көрсетіледі.

Өңдеу — Бұл опция таңдалған есептік жазбаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Жою — Таңдалған есептік жазбаны жою.

Жаңарту — пайдаланушы есептік жазбасын қоссаңыз, ESET Security Ultimate осы терезені қайта ашусыз пайдаланушы есептік жазбаларының тізімін жаңарта алады.