ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Ойыншы режимі

Ойыншы режимі — бағдарламалық құралды кедергісіз пайдалануды қажет ететін, хабарландыру/ескерту терезелердің мазалауын қаламайтын және CPU пайдалануын барынша азайтқысы келетін пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. Сондай-ақ, ойыншы режимін антивирустық әрекетімен үзілмейтін көрсетілімдер кезінде пайдалануға болады. Бұл мүмкіндік қосылса, барлық хабарландыру терезесі өшіріледі және жоспарлағыш әрекеті толығымен тоқтатылады. Жүйені қорғау әлі де фонда орындалады, бірақ ешбір пайдаланушының араласуын қажет етпейді.

Ойыншы режимін негізгі баѓдарлама терезесінде Орнату > Компьютерді ќорѓау тармаѓыныњ астында MODULE_INACTIVEОйыншы режимі жанындаѓы  немесе MODULE_ENABLED параметрін басу арќылы ќосуѓа немесе љшіруге болады. Ойыншы режимін ќосу ќауіпсіздікке ыќтимал ќауіп болып табылады, сондыќтан тапсырмалар таќтасындаѓы ќорѓау кџйініњ белгішесі ќызѓылт сарыѓа айналады жѕне ескертуді кљрсетеді. Сондай-аќ, бђл ескертуді баѓдарламаныњ негізгі терезесінде кљресіз, онда Ойыншы режимі белсенді сарѓылт тџсте кљрсетіледі.

Ойыншы режимі басталмайтын Шығарылған қолданбаларды қосыңыз немесе өңдеңіз. Ойыншы режимінен шығарылған қолданбаларды қараңыз.

Толық экрандық қолданбаны іске қосқанда және қолданбадан шыққаннан кейін тоқтатқанда ойыншы режимі басталуы үшін Кеңейтілген реттеу > Құралдар > Ойыншы режимі тармағында Қолданбалар толық экранды режимде жұмыс істеп тұрғанда Ойыншы режимін автоматты түрде қосу параметрін белсендіріңіз.

Ойыншы режимі қанша уақыттан кейін автоматты түрде өшірілетінін анықтау үшін Ойыншы режимін Х минуттан кейін автоматты түрде өшіру опциясын іске қосыңыз.


note

Егер брандмауэр интерактивті режимде және ойыншы режимі қосылған болса, Интернетке қосылуда қиындық болуы мүмкін. Бұл интернетке қосылатын ойынды бастасаңыз қиындық тудыруы мүмкін. Әдетте, сізден мұндай әрекетті растау сұралады (егер байланыс ережелері немесе ерекшеліктері анықталмаса), бірақ ойыншы режимінде пайдаланушының араласуы өшірілген. Байланысқа рұқсат ету үшін осы мәселеге кездесуі мүмкін кез келген қолданба үшін байланыс ережесін анықтаңыз немесе брандмауэрде басқа Сүзу режимін пайдаланыңыз. Ойыншы режимі қосылған болса және қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін веб-сайтқа не қолданбаға өтсеңіз, пайдаланушының араласуы өшірілгендіктен оның ешбір түсініктемесіз не ескертусіз блокталуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.