ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Талдайтын үлгіні таңдау

Егер компьютеріңізде күдікті файл немесе Интернетте күдікті сайт тапсаңыз, оны талдау үшін ESET зерттеу зертханасына жіберуге болады (ESET LiveGrid® конфигурациясына қарай қолжетімді болмауы мүмкін).


important

Үлгілерді ESET компаниясына жібермес бұрын

Кем дегенде мына шарттардың біреуіне сай болмаса, үлгіні жібермеңіз:

Үлгі ESET өнімімен мүлдем анықталмады

Үлгі қауіп ретінде қате анықталған

Жеке файлдарды (ESET жүйесінің зиянды бағдарламалардың бар-жоғын қарап шығуы қажет) үлгілер ретінде қабылдамаймыз (ESET зерттеу зертханасы пайдаланушылар үшін талап бойынша қарап шығуды орындамайды)

Сипаттаушы тақырыпты пайдаланыңыз және мүмкіндігінше файл туралы көбірек ақпарат қосыңыз (мысалы, файл жүктеп алынған скриншот не вебсайт).

Осы әдістердің біреуімен үлгіні талдау үшін (файлды немесе веб-сайтты) ESET компаниясына жіберуге болады:

1.Өнімдегі үлгіні жіберу пішінін пайдаланыңыз. Ол Құралдар > Үлгіні талдауға жіберу тармағында орналасқан. Жіберілген џлгініњ максималды кљлемі – 256 Мб.

2.Оның орнына файлды электрондық пошта арқылы жіберуіңізге болады. Егер бұл опцияны дұрыс көрсеңіз, файл(дар)ды WinRAR/WinZIP арқылы мұрағаттап, мұрағатты «infected» құпиясөзімен қорғаңыз да, оны samples@eset.com мекенжайына жіберіңіз.

3.Спамды, жалған қате спамды немесе Ата-ана бақылауы модулінің қате санаттаған веб-сайттарды хабарлау үшін ESET білім қоры мақаласын қараңыз.

Талдайтын үлгіні таңдау пішінінде Үлгіні жіберу себебі ашылмалы мәзірінен хабар мақсатына сәйкес келетін сипаттаманы таңдаңыз:

Күдікті файл

Күдікті сайт (қандай да бір зиянкес бағдарламадан жұққан веб-сайт),

Жалған қате сайт

Жалған қате файл (жұққан деп анықталған, бірақ жұқпаған файл),

Басқа

Файл/Сайт – Жіберу керек файлдың немесе веб-сайттың жолы.

Байланыс электрондық поштасы — Бұл байланыс электрондық поштасы ESET компаниясына күдікті файлдармен бірге жіберіледі және талдау үшін қосымша ақпарат қажет болған кезде байланысу үшін пайдаланылуы мүмкін. Электрондық байланыс поштасын енгізу міндетті емес. Оны бос қалдыру үшін Анонимді түрде жіберу опциясын таңдаңыз.


note

ESET компаниясынан жауап алмауыңыз мүмкін

Сізден қосымша ақпарат қажет болмаса, ESET компаниясынан жауап алмайсыз. Күн сайын серверлерімізге жүздеген файлдар жіберіледі және барлық жіберілген файлдарға жауап беру мүмкін емес.

Егер үлгі зиянды бағдарлама немесе веб-сайт болып шықса, оны анықтау келесі ESET жаңартуына қосылатын болады.