Шифрланған виртуалды жетекті жасау
Шифрланған виртуалды дискілер жасау үшін Secure Data пайдалануға болады. Қатты дискіде пайдаланылатын бос орын болған кезде жасауға болатын дискілер санына шектеу қойылмайды. Шифрланған виртуалды диск жасау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.Негізгі бағдарлама терезесінде Реттеу > Қауіпсізідк құралдары > Secure Data > Виртуалды диск жасау тармағын басыңыз.
2.Виртуалды дискіні сақтау үшін Шолу түймешігін басыңыз.
3.Виртуалды диск атауын енгізіңіз және Сақтау опциясын басыңыз.
4.Виртуалды диск өлшемін орнату үшін Ең көп сыйымдылық ашылмалы мәзірін пайдаланыңыз және Жалғастыру опциясын басыңыз.
5.Виртуалды диск үшін құпия сөз орнатыңыз. Виртуалды диск құпия сөзін орнатыңыз. Егер Windows есептік жазбаңызға кірген кезде виртуалды диск шифрының автоматты түрде шешілуін қаламасаңыз, Осы Windows есептік жазбасында шифрды автоматты түрде шешу опциясы таңдауын алып тастаңыз. Жалғастыру опциясын басыңыз. Жалѓастыру тџймесін басыњыз.
6.Дайын тџймесін басыњыз. Шифрланған виртуалды диск жасалады және пайдалануға дайын болады. Ол Осы ДК тармағын ашқан кезде жергілікті диск ретінде көрсетіледі.
Компьютерді қайта іске қосқаннан кейін, шифрланған дискіге кіру үшін жасалған шифрланған диск файлын (.eed файл түрі) табыңыз және оны екі рет басыңыз. Егер сұралса, шифрланған дискіні жасаған кезде конфигурацияланған құпия сөзді енгізіңіз. Диск қосылады және «Осы компьютер» бөлімінде жергілікті диск ретінде көрінеді. Шифрланған диск жергілікті диск ретінде қосылған кезде, жүйеден шықпайынша немесе компьютерді қайта іске қоспайынша осы жергілікті диск және оның шифры шешілген мазмұны осы компьютеріңіздегі басқа пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Виртуалды дискіні жоя аламын ба? Иә. Шифрланған виртуалды дискіні жою үшін ESET Secure Data ЖҚС бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз. |