Компьютерді қорғау
Барлық қорғау модульдеріне жасалған шолуды көру үшін негізгі бағдарлама терезесі > Орнату бөлімінде Компьютерді қорғау түймешігін басыңыз:
•Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау — Барлық файлдар ашылғанда, жасалғанда немесе іске қосылғанда, оларда зиянды кодтың бар-жоғы тексеріледі.
•Құрылғыны басқару - Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды қарап шығуға, блоктауға немесе реттеуге және пайдаланушының осы құрылғыға (CD/DVD/USB...) кіру және жұмыс істеу жолын таңдауға мүмкіндік береді.
•HIPS - HIPS жүйесі операциялық жүйедегі оқиғаларды бақылайды және оларға теңшелген ережелер жиынына сай жауап береді.
•Көрсетілім режимі — Көрсетілім режимін қосу немесе ажырату. Көрсетілім режимін қосқаннан кейін сіз ескерту хабарын (ықтимал қауіпсіздік қаупі) аласыз және негізгі терезе қызғылт сары түске боялады.
Жеке қорғаныс модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін ауыстырып қосқыш белгішесін басыңыз.
Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін. |
Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.
Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау үшін тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:
•Конфигурациялау – Файлдық жүйені нақты уақыт қорғаудың Кеңейтілген баптау бетін ашады.
•Шығарып тасталғандарды өңдеу – Шығарып тастауды баптау терезесін ашып, қалаған файлдарды және қалталарды қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді.
Антивирустық және антишпиондық қорғауды кідірту — Антивирустық және антишпиондық қорғау модульдерінің барлығын өшіреді. Қорғауды өшіргенде Уақыт аралығы ашылмалы мәзірін пайдаланып қорғау қанша уақыт бойы өшірулі болатынын анықтауға болатын терезе ашылады. Сіз тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз немесе ESET техникалық қолдау қызметінен нұсқаулар алған болсаңыз ғана пайдаланыңыз.