Қосымша ThreatSense параметрлері
Осы параметрлерді өңдеу үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау > Қосымша ThreatSense параметрлері бөлімін ашыңыз.
Жаңадан жасалған және өзгертілген файлдар үшін қосымша ThreatSense параметрлері
Жаңадан жасалған немесе өзгертілген файлдарда жұқтыру ықтималдығы қолданыстағы файлдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болады. Сол себептен бағдарлама бұл файлдарды қосымша қарап шығу параметрлерімен тексереді. ESET Safe Server өнімі қол қоюға негізделген сканерлеу әдістерімен үйлесімде анықтау механизмі жаңартуы шыққанға дейін жаңа қауіптерді анықтауға болатын кеңейтілген эвристиканы қолданады.
Жаңадан жасалған файлдардан басқа, қарап шығу Өздігінен ашылатын мұрағаттарда (.sfx) және Орындалу уақытының бумалаушыларында (іштей сығылған орындалатын файлдар) да жүзеге асырылады. Әдепкі бойынша, мұрағаттарды 10-шы енгізу деңгейіне дейін іс жүзіндегі өлшеміне қарамастан тексеріледі. Мұрағатты қарап шығу параметрлерін өзгерту үшін Әдепкі мұрағатты қарап шығу параметрлері ұяшығынан белгіні алыңыз.
Орындалатын файлдарға арналған қосымша ThreatSense параметрлері
Файлды орындау кезіндегі кеңейтілген эвристика – Әдепкі бойынша, Кеңейтілген эвристика файлдар орындалған кезде пайдаланылады. Қосылған болса, жүйе өнімділігіне әсерді азайту үшін Зерделі оңтайландыру опциясын және ESET LiveGrid® қосылған күйде сақтау ұсынылады.
Алынбалы тасушыдан файлдарды орындау кезіндегі кеңейтілген эвристика – Кеңейтілген эвристика кодты виртуалдық ортада эмуляциялайды және кодқа алынбалы тасушыдан орындалуға рұқсат ету алдында оның әрекетін бағалайды.