ESET Smart Security Premium – Мазмұны

Тапсырма туралы мәліметтер

Тапсырма атауын теріп, Тапсырма түрі опцияларының бірін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз:

•Сыртқы бағдарламаларды іске қосу – Сыртқы бағдарламаның орындалуын жоспарлайды.

•Жұрналды реттеу -Тіркеу файлдарында жойылған жазбалардың қалдықтары да бар. Бұл тапсырма тиімді жұмыс істеу үшін журнал файлдарындағы жазбаларды тұрақты түрде оңтайландырады.

•Жүйені іске қосу файлын тексеру – Жүйе іске қосылғанда немесе кіргенде іске қосылуына рұқсат етілген файлдарды тексереді.

•Компьютер күйінің суретін жасау – ESET SysInspector компьютер суретін жасайды – жүйе компоненттері (мысалы, драйверлер, бағдарламалар) туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жинайды және әр компоненттің қауіп деңгейін бағалайды.

•Талап бойынша компьютерді қарап шығу – Компьютердегі файлдар мен қалталарды қарап шығуды орындайды.

•Жаңарту – Модульдерді жаңарту арқылы «Жаңарту» тапсырмасын жоспарлайды.