ESET Smart Security Premium – Мазмұны

Microsoft Windows® жаңарту

Windows жаңарту мүмкіндігі – пайдаланушыларды зиянды бағдарламалық құралдан қорғаудың маңызды компоненті. Осы себепті Microsoft Windows жаңартулары қол жетімді болған кезде оларды орнату маңызды болып табылады. ESET Smart Security Premium бағдарламасы Кеңейтілген орнату > Құралдар бөлімінде көрсетілген деңгейге сәйкес жоқ жаңартулар туралы хабарлайды. Келесі деңгейлер бар:

•Жаңартулар жоқ – Жүктеу үшін жүйелік жаңартулар ұсынылмайды.

•Қосымша жаңартулар – Төмен және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

•Ұсынылған жаңартулар – Жалпы және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

•Маңызды жаңартулар – Маңызды және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

•Маңызды жаңартулар – Тек маңызды жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.