Жұрналдан ереже жасау
Жаңа ESET Smart Security Premium нұсқасы журналдан ереже жасауға мүмкіндік береді. Негізгі мәзірден Құралдар > Журнал файлдары тармағын басыңыз. Ашылмалы мәзірден Желіні қорғау опциясын таңдаңыз, қажет журнал жазбасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірден Болашақта ұқсас оқиғаларды блоктамау опциясын таңдаңыз. Хабарландыру терезесі жаңа ережені көрсетеді.
Журналдан жаңа ережелерді жасауға рұқсат ету үшін ESET Smart Security Premium бағдарламасын келесі параметрлермен теңшеу керек:
1.Ең аз тіркеу мәліметтерін Диагностика опциясына Кеңейтілген орнату > Құралдар > Журнал файлдары тармағында орнатыңыз.
2.Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге кіруді қорғау > Желілік шабуылдаудан қорғау > Кеңейтілген опциялар > Шабуылдауды анықтау бөліміндегі Қауіпсіздік тесіктеріне шабуылдар жасалғаны туралы хабарлау мүмкіндігін іске қосыңыз.