Мекенжайлар тізімдері
Сұралмаған электрондық хаттардан қорғану үшін ESET Smart Security Premium қолданбасы мекенжайлар тізімдеріндегі электрондық пошта мекенжайларын жіктеуге мүмкіндік береді.
Мекенжайлар тізімдерін өңдеу үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Электрондық пошта клиентін қорғау > Мекенжайлар тізімдерін басқару бөлімін ашып, Пайдаланушы мекенжайларының тізімі немесе Ғаламдық мекенжайлар тізімі жанындағы Өңдеу түймешігін басыңыз.
Бағандар
Электрондық пошта мекенжайы – Ереже қолданылатын мекенжай. Қойылмалы таңбаларға қолдау көрсетілмейді.
Атауы – Реттелетін ереже атауы.
Рұқсат ету/Блоктау/Ерекшелік – Электрондық пошта мекенжайы үшін қандай шара қолданылуы керектігін анықтау үшін пайдаланылатын ауыстырып-қосу түймешіктері (шараны тез өзгерту үшін қалаған бағандағы ауыстырып-қосу түймешігін басыңыз):
•Рұқсат ету – Қауіпсіз деп саналатын және хабарларын алып отырғыңыз келген тұлғалардың мекенжайлары.
•Блоктау – Қауіпті/спам болып саналатын және хабарларын алғыңыз келмейтін тұлғалардың мекенжайлары.
•Ерекшелік – Спам емес екені әрқашан тексерілетін және спам жіберу үшін әдейі жасалған болуы мүмкін мекенжайлар.
Ескертпе – Ереженің қалай жасалғаны және оның бүкіл доменге/төменірек деңгейдегі домендерге қатыстылығы туралы ақпарат.
Мекенжайларды басқару
•Қосу – Жаңа мекенжайға ереже қосу үшін басыңыз.
•Өңдеу – Бұрыннан бар ережені өңдеу үшін таңдаңыз және басыңыз.
•Жою – Ережені мекенжайлар тізімінен жойғыңыз келгенде таңдаңыз және басыңыз.