ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Жұмыс үстелінің хабарландырулары

Жұмыс үстелінің хабарландырулары жүйенің тапсырмалар тақтасының жанындағы шағын хабарландыру терезесімен көрсетіледі. Әдепкі жағдайда ол 10 секунд бойы көрсетіледі, одан кейін біртіндеп жоғалады. Хабарландыруларға өнімнің сәтті жаңартылуы, қосылған жаңа құрылғылар, вирустарды қарап шығу тапсырмаларының орындалуы немесе табылған жаңа қауіптер кіреді.

CONFIG_DESKTOP_NOTIFICATIONS

Хабарландыруларды жђмыс џстелінде кљрсету – Жања оќиѓа орын алѓан кезде ол туралы љнім сізге хабарлауы џшін осы опцияны ќосулы ќалдырѓан жљн.

Жұмыс үстелі хабарландырулары – белгілі бір Қолданба хабарландыруларын іске қосу не өшіру үшін Өңдеу түймешігін басыңыз.

Ќолданбаларды толыќ экран режимінде іске ќосќан кезде хабарландырулар кљрсетпеу – Ќолданбаларды толыќ экран режимінде іске ќосќан кезде барлыќ интерактивті емес хабарландыруларды љшіріњіз.

Уақытты секундпен көрсету — Хабарландырудың көріну ұзақтығын орнатыңыз. Мән 3-30 секунд аралығында болуы тиіс.

Мөлдірлік – хабарландырудың мөлдірлік пайызын белгілеу. Қолдау көрсетілетін диапазон 0 (мөлдірлік жоқ) мен 80 (өте жоғары мөлдірлік) аралығында болады.

Көрсетілетін оқиғалардың ең төмен толықтығы – бастапқы хабарландырудың маңыздылық деңгейін көрсетіңіз. Ашылмалы мәзірден мына опциялардың бірін таңдаңыз:

oДиагностика – Бағдарламаны және жоғарыдағы барлық жазбаларды дәл реттеу үшін керек ақпаратты көрсетеді.

oАқпараттық – ақпараттық хабарларды, соның ішінде сәтті жаңарту хабарларын, сондай-ақ, барлық жоғарыдағы жазбаларды жазады.

oЕскертулер — Ескерту хабарларын, қателерді және маңызды қателерді көрсетеді (мысалы, жаңарту сәтсіз аяқталды).

oҚателер - қателерді (мысалы, құжатты қорғау басталмаған) және маңызды қателерді көрсетеді.

oМаңызды – тек маңызды қателерді көрсетеді (антивирустық қорғауды немесе вирус жұққан жүйенің дұрыс іске қосылмауы және т.б.).

Көп пайдаланушы бар жүйелерде хабарландыруларды мына пайдаланушының экранында көрсету — таңдалған есептік жазбаға жұмыс үстеліндегі хабарландыруларды алуға мүмкіндік береді. Мысалы, әкімші есептік жазбасын пайдаланбасаңыз, есептік жазбаның толық атауын теріңіз, сонда жұмыс үстелі хабарландырулары белгіленген есептік жазба үшін көрсетілетін болады. Жұмыс үстелінің хабарландыруларын тек бір пайдаланушының есептік жазбасы қабылдай алады.

Хабарландыруларға экран фокусын алуға рұқсат ету - хабарландыруларға экран фокусын алуға мүмкіндік береді және ALT + Tab мәзірінен таңдауға болады.