ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Пайдаланушы есептік жазбасының параметрлері

Бұл терезеде үш қойынды бар:

Жалпы

Parental Control опциясын төменде таңдалған Windows есептік жазбасы үшін іске қосу мақсатында Іске қосылған опциясының жанындағы ауыстырып қосқышты іске қосыңыз.

Алдымен, компьютерден Windows есептік жазбаны Таңдаңыз. Ата-ана бақылауы ішінде орнатылған шектеулер тек стандартты Windows есептік жазбаларына әсер етеді. Әкімшілік есептік жазбалар шектеулерді қайта анықтай алады.

Егер есептік жазбаны ата-ана пайдаланса, Ата-ана есептік жазбасы параметрін таңдаңыз.

Есептік жазбаның қатынау рұқсатының деңгейін анықтау және жасқа сай веб-беттер үшін қатынасу ережелерін орнату керек болса, осы есептік жазба үшін Баланың туылған күнін енгізіңіз.

Тіркеу қатаңдығы

ESET Smart Security Premium барлық маңызды оқиғаларды журнал файлына сақтайды. Оны негізгі мәзірден тікелей көруге болады. Құралдар > Журнал файлдары тармағын басып, Журнал ашылмалы мәзірінен Ата-ана бақылау опциясын таңдаңыз.

Диагностика – бағдарламаны дәл реттеу үшін қажет ақпаратты журналға тіркейді.

Ақпарат — Ақпараттық хабарларды, соның ішінде рұқсат етілген және блокталған ерекшеліктер, сондай-ақ, барлық жоғарыдағы жазбаларды жазады.

Ескерту – маңызды қателерді және ескерту хабарларын жазады.

Жоқ – Журналдар жазылмайды.

Ерекшеліктер

Ерекшелікті жасау пайдаланушыға ерекшеліктер тізімінде жоқ веб-сайттарға қатынасуға рұқсат ете немесе тыйым сала алады. Бұл санаттарды пайдаланудың орнына белгілі бір веб-сайттарға қатынасты басқару қажет болса пайдалы. Бір есептік жазба үшін жасалған қиыс жағдайларды көшіруге және басқа есептік жазба үшін пайдалануға болады. Бұл жасы ұқсас балалар үшін бірдей ережелерді жасау керек болса пайдалы болуы мүмкін.

Жаңа ерекшелік жасау үшін Қосу түймесін басыңыз. Ашылмалы мәзірді пайдаланып Әрекетті (мысалы, Блоктау) көрсетіңіз, осы ерекшелік қолданылатын Веб-сайттың URL мекенжайын теріңіз, содан кейін OK түймесін басыңыз. Қиыс жағдай бар қиыс жағдайлар тізіміне күйі көрсетіліп қосылады.

Қосу – Жаңа ережені жасайды.

Өңдеу - таңдалған қиыс жағдайдың Веб-сайт URL мекенжайын немесе Әрекетін өңдеуге болады.

Жою — Таңдалған ерекшелікті жояды.

Көшіру — Ашылмалы мәзірден жасалған қиыс жағдайды көшіру керек пайдаланушыны таңдаңыз.

PANEL_PARENTAL_WEB_EXCEPTIONS

Анықталған ерекшеліктер таңдалған есептік жазба(лар) үшін анықталған санаттардан басым болады. Мысалы, егер есептік жазбаның Жаңалықтар санаты блокталған болса, бірақ ерекшелік ретінде рұқсат етілген жаңалықтар веб-бетін анықтасаңыз, есептік жазба рұқсат етілген веб-бетке қатынаса алады. Мұнда енгізілген барлық өзгертулерді Ерекшеліктер бөлімінде көруге болады.

Санаттар

Санаттар қойындысында әр есептік жазба үшін бұғаттауды немесе рұқсат етуді қалайтын веб-беттердің жалпы санаттарын анықтауға болады. Рұқсат ету үшін санаттың жанындағы қосқышты қосыңыз. Қосқышты өшірулі қалдырсаңыз, осы есептік жазбада бұл санатқа рұқсат етілмейді.

Көшіру — Бұрыннан бар өзгертілген есептік жазбадан блокталған немесе рұқсат етілген санаттардың тізімін көшіруге мүмкіндік береді.

PANEL_PARENTAL_CATEGORIES