Шығарылған IP
Тізімдегі жазбалар қарап шығу тізімінен шығарылып тасталады. Таңдалған мекенжайлардың HTTP(S)/POP3(S)/IMAP(S) байланысында қауіптер бар-жоғы тексерілмейді. Осы опцияны тек сенімді мекенжайларға ғана пайдалануды ұсынамыз.
Қашықтағы нүктенің IP мекенжайын/мекенжайлар ауқымын/ішкі желісін шығарып тастау үшін Қосу түймесін басыңыз.
Таңдалған IP мекенжайын өзгерту үшін Өңдеу түймешігін басыңыз.
Таңдалған жазбаларды тізімінен жою үшін Жою опциясын басыңыз.
IP мекенжайларының мысалдары IPv4 мекенжайын қосу: Жалғыз мекенжай — Жеке компьютердің IP мекенжайын қосады (мысалы, 192.168.0.10). Мекенжайлар ауқымы — Бірнеше компьютердің IP ауқымын көрсету үшін бірінші және соңғы IP мекенжайын енгізіңіз (мысалы, 192.168.0.1 және 192.168.0.99 аралығы). Ішкі желі - Ішкі желі (компьютерлер тобы) IP мекенжайы мен бүркеніш бойынша анықталады. Мысалы, 255.255.255.0 дегеніміз 192.168.1.0 қосалқы желісіне арналған желі маскасы. 192.168.1.0/24 желісінде бүкіл ішкі тор түрін шығарып тастау үшін. IPv6 мекенжайын қосу: Жалғыз мекенжай — Жеке компьютердің IP мекенжайын қосады (мысалы, 2001:718:1c01:16:214:22ff:fec9:ca5). Ішкі желі - Ішкі желі (компьютерлер тобы) IP мекенжайы мен бүркеніш бойынша анықталады (мысалы: 2002:c0a8:6301:1::1/64). |