Кіру мүмкін болмады - жалпы қателер
Енгізілген электрондық пошта мекенжайына сәйкес келетін есептік жазбаны таба алмадық
Сіз енгізген электрондық пошта мекенжайы сөзі ешбір ESET HOME есептік жазбасына сәйкес келмейді. Артқа түймесін басып, дұрыс электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзді теріңіз.
Кіру үшін ESET HOME есептік жазбасын жасау керек. ESET HOME Есептік жазбаңыз болмаса, Артқа > Есептік жазба жасау тармағын басыңыз немесе Жаңа ESET HOME есептік жазбасын жасау бөлімін қараңыз.
Пайдаланушы аты мен құпия сөз сәйкес емес
Енгізілген құпия сөз енгізілген электрондық пошта мекенжайына сәйкес келмейді. Артқа түймешігін басып, дұрыс құпия сөзді теріңіз және енгізілген электрондық пошта мекенжайының дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Егер әлі кіре алмасаңыз, құпия сөзді қалпына келтіру үшін Артқа > Құпиясөзімді ұмытып қалдым тармағын басып, экрандағы қадамдарды орындаңыз немесе ESET HOME құпия сөзімді ұмытып қалдым бөлімін қараңыз.
Таңдалған кіру опциялары есептік жазбаңызға сәйкес келмейді
Есептік жазбаңыз әлеуметтік желідегі есептік жазбаңызбен байланыстырылған. ESET HOME қызметіне кіру үшін Google арқылы жалғастыру немесе Apple арқылы жалғастыру түймесін басып, тиісті есептік жазбаға кіріңіз. Сәтті кіргеннен кейін, ESET HOME растау веб-бетіне бағытталасыз. ESET HOME порталындағы ESET HOME есептік жазбасынан әлеуметтік желідегі жазбаңызды ажырата аласыз.
Құпия сөз дұрыс емес
Бұл қате ESET Smart Security Premium қолданбасы ESET HOME қызметіне бұрыннан қосылып қойған және кіруді талап ететін өзгерістер енгізілген (мысалы, Anti-Theft қызметін өшіру) және енгізілген құпия сөз есептік жазбаңызға сәйкес келмеген жағдайда орын алуы мүмкін. Артқа түймешігін басып, дұрыс құпия сөзді теріңіз. Егер әлі кіре алмасаңыз, құпия сөзді қалпына келтіру үшін Артқа > Құпиясөзімді ұмытып қалдым тармағын басып, экрандағы қадамдарды орындаңыз немесе ESET HOME құпия сөзімді ұмытып қалдым бөлімін қараңыз.