ESET SysInspector
ESET SysInspector — компьютеріңізді мұқият тексеріп, драйверлер мен қолданбалар, желілік қосылымдар немесе маңызды тізбе жазбалары сияқты жүйе құрамдастары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жинайтын және әр құрамдастың қауіп деңгейін бағалайтын қолданба. Осы ақпарат бағдарламалық құрал немесе аппараттық құрал үйлесімсіздігінен немесе зиянкес бағдарламаның вирусынан болуы мүмкін күдікті жүйе тәртібінің себебін анықтауға көмектеседі. ESET SysInspector қолданбасын пайдалану әдісін үйрену үшін ESET SysInspector Онлайн анықтама бөлімін қараңыз.
ESET SysInspector терезесі журналдар туралы төмендегі ақпаратты көрсетеді:
•Уақыт – Журнал жасалған уақыт.
•Түсініктеме – Қысқаша түсініктеме.
•Пайдаланушы – Журналды жасаған пайдаланушының аты.
•Күй – Журналды жасау күйі.
Келесі әрекеттер қол жетімді:
•Көрсету – ESET SysInspector ішінде таңдалған журналды ашады. Сондай-ақ, журнал файлын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басуға және контексттік мәзірде Көрсету мәзірін таңдауға болады.
•Жасау – Жаңа журналды жасайды. Журналға кіруге әрекет жасамас бұрын ESET SysInspector пайда болғанша күтіңіз (Жасалған күйі). Журнал C:\ProgramData\ESET\ESET Security\SysInspector ішінде сақталады.
•Жою – Таңдалған журналдарды тізімнен жояды.
Бір немесе бірнеше журнал файлы таңдалғанда контексттік мәзірде келесі элементтер қол жетімді болады:
•Көрсету – Таңдалған журналды ESET SysInspector ішінде ашады (дәл журналды екі рет басу сияқты функция).
•Жасау – Жаңа журналды жасайды. Журналға кіруге әрекет жасамас бұрын ESET SysInspector пайда болғанша күтіңіз (Жасалған күйі).
•Жою – Таңдалған журналдарды тізімнен жояды.
•Барлығын жою – Барлық журналдарды жояды.
•Экспорттау – Журналды .xml файлға немесе мұрағатталған .xml файлға экспорттайды.