ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Кіру параметрлері

ESET Smart Security Premium параметрлері қауіпсіздік саясатының шешуші бөлігі болып табылады. Рұқсатсыз өзгертулер жүйенің тұрақтылығы мен қорғауына қауіп төндіруі ықтимал. Рұқсатсыз өзгертулерді болдырмау үшін ESET Smart Security Premium қолданбасының орнату параметрлерін және жойылуын құпия сөзбен қорғауға болады. Кіру параметрлерін Кеңейтілген орнату > Пайдаланушы интерфейсі > Кіру параметрлерін орнату бөлімінде конфигурациялауға болады.

Орнату параметрлерін және ESET Smart Security Premium қолданбасын жоюды қорғайтын құпия сөзді орнату үшін Құпия сөзбен қорғау параметрлері жанындағы Орнату опциясын басыңыз.


note

Қорғалған Кеңейтілген орнатуға қатынасу қажет болған кезде құпия сөзді енгізуге арналған терезе көрсетіледі. Егер құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз не жоғалтсаңыз, төмендегі Құпия сөзді қалпына келтіру пәрменін басыңыз және лицензияны тіркеу үшін пайдаланылған электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. ESET компаниясы сізге растау коды мен құпия сөзді ысыру нұсқауы бар электрондық хабар жібереді.

Кеңейтілген орнату құлпын ашу әдісі

Құпия сөзді ауыстыру үшін Құпия сөзбен қорғау параметрлері жанындағы Құпия сөзді ауыстыру опциясын басыңыз.

Құпия сөзді жою үшін Құпия сөзбен қорғау параметрлері жанындағы Құпия сөзді жою опциясын басыңыз.

CONFIG_PASSWORD