ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Поштаны тасымалдауды қорғау

IMAP(S) және POP3(S) протоколдары — электрондық пошта клиенті қолданбасында электрондық пошта хабарларын алу үшін пайдаланылатын ең кең таралған протоколдар. «Интернет Хабарына Кіру Протоколы» (IMAP) протоколы – электрондық поштаны алуға арналған тағы бір «Интернет протоколы». IMAP протоколында POP3 протоколына қарағанда кейбір артықшылықтары бар, мысалы, бірнеше клиент бір уақытта бір пошта жәшігіне қосылып, хабар оқылғаны, оған жауап берілгені немесе жойылғаны сияқты хабар күйі туралы ақпаратты сақтай алады. Бұл басқаруды қамтамасыз ететін қорғау модулі жүйе іске қосылғанда қосылады, содан кейін жадта белсенді болады.

ESET Smart Security Premium пайдаланылатын электрондық пошта клиентіне қарамастан және электрондық пошта клиентін қайта конфигурациялау қажеттілігінсіз осы протоколдарға қорғауды қамтамасыз етеді. Әдепкі бойынша, әдепкі POP3/IMAP порты нөмірлеріне қарамастан POP3 және IMAP протоколдары арқылы барлық байланыс қарап шығылады.
MAPI протоколы қарап шығылмайды. Дегенмен, Microsoft Exchange серверімен байланысты Microsoft Outlook сияқты электрондық пошта клиенттеріндегі біріктіру модулі қарап шығуы мүмкін.


note

ESET Smart Security Premium сонымен бірге IMAPS (585, 993) және POP3S (995) протоколдарын қарап шығуды қолдайды. Бұл протоколдар сервер мен клиент арасында ақпаратты тасымалдау үшін шифрланған арнаны пайдаланады. ESET Smart Security Premium байланысты SSL және TLS протоколдарын пайдаланып тексереді.

Шифрланған байланыс әдепкі бойынша қаралып шығатын болады. Сканерді орнатуды көру үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > SCL/TLS бөлімін ашыңыз.

Поштаны тасымалдауды қорғау мүмкіндігін конфигурациялау үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Электрондық пошта клиентін қорғау > Поштаны тасымалдауды қорғаубөлімін ашыңыз.

Поштаны тасымалдауды қорғау — Қосылған болса, пошта тасымалдау байланысын ESET Smart Security Premium қарап шығады.

Келесі опциялардың жанындағы ауыстырып қосқышты басу арқылы пошта тасымалдау протоколдарының қайсысын қарап шығу керектігін таңдауға болады (әдепкіде барлық протоколдары қарап шығу іске қосылады):

IMAP поштаны тасымалдауды сканерлеу

IMAPS поштаны тасымалдауды сканерлеу

POP3 поштаны тасымалдауды сканерлеу

POP3S поштаны тасымалдауды сканерлеу

Әдепкіде ESET Smart Security Premium қолданбасы стандартты порттарда IMAPS және POP3S байланысын қарап шығады. IMAPS және POP3S протоколдары үшін реттелетін порттарды қосу үшін оларды IMAPS протоколы пайдаланатын порттар немесе POP3S протоколы пайдаланатын порттар жанындағы мәтін өрісіне қосыңыз. Бірнеше порт нөмірлерін үтірмен бөлу керек.

Шығарылып тасталған қолданбалар — Кейбір қолданбаларды поштаны тасымалдауды қорғау мүмкіндігі арқылы қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді. Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі үйлесімділік мәселелерін туғызған кезде пайдалы.

Шығарылып тасталған IP мекенжайлары — Нақты қашықтағы мекенжайларды поштаны тасымалдауды қорғау мүмкіндігі арқылы қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді. Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі үйлесімділік мәселелерін туғызған кезде пайдалы.

CONFIG_EPFW_SCAN_IMAP