Интерактивті ескертулер
Жалпы ескертулер мен хабарландырулар туралы ақпаратты іздеп жатырсыз ба? •Мүмкіндіктері көптеу өнімге ауысу •Мүмкіндіктері аздау өнімге ауысу •Жаңарту ақпараты біркелкі емес •«Модульдерді жаңарту сәтсіз аяқталды» хабарының ақаулықтарын жою |
Кеңейтілген баптау > Хабарландырулар бөліміндегі Интерактивті ескертулер бөлімі пайдаланушының шешім қабылдауын қажет ететін (мысалы, ықтимал фишингтік веб-сайтта) хабар жәшіктері мен анықталған нәрселер туралы интерактивті ескертулерді ESET Smart Security Premium өнімі қалай өңдейтінін конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Интерактивті ескертулер
Интерактивті ескертулерді көрсету опциясын өшіру барлық ескерту терезелері мен браузер ішіндегі диалогтық терезелерді жасырады және белгілі бір жағдайлардың шектеулі санында ғана жарамды. Бұл опцияны қосулы күйде қалдыру ұсынылады.
Өнімдегі хабар алмасу
Љнім ішіндегі хабар алмасу пайдаланушыларѓа ESET жањалыќтарын жѕне басќа хабарларды хабарлауѓа арналѓан. Маркетингтік хабарларды жіберу пайдаланушыныњ келісімін ќажет етеді. Сондықтан, әдепкі бойынша пайдаланушыға маркетингтік хабарлар жіберілмейді (сұрақ белгісі түрінде көрсетіледі). Бђл опцияны ќосу арќылы сіз ESET маркетингтік хабарларын алуѓа келісесіз. ESET маркетингтік материалын алуѓа ќызыќпасањыз, Маркетингтік хабарларды кљрсету опциясын љшіріњіз. |
Хабар терезелері
Белгілі бір уақыттан кейін хабар терезелері автоматты түрде жабылуы үшін Хабар терезелерін автоматты түрде жабу опциясын таңдаңыз. Егер олар қолмен жабылмаса, ескерту терезелері көрсетілген уақыт өткен соң автоматты түрде жабылады.
Секундтар түріндегі біту уақыты – Ескертудің көріну ұзақтығын орнатады. Бұл мән 10-999 секунд аралығында болуы тиіс.
Растау хабарлары — Көрсетуді немесе көрсетпеуді таңдауға болатын растау хабарларының тізімін көрсету үшін Өңдеу түймешігін басыңыз.