ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Жаңартулар

ESET Smart Security Premium Бағдарламасын тұрақты түрде жаңарту – компьютерде қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін тексерудің ең жақсы әдісі. Жаңарту модулі бағдарлама модульдерінің де, жүйе құрамдастарының да әрдайым жаңартылған күйде болуын қамтамасыз етеді.

Негізгі бағдарлама терезесінде Жаңарту командасын таңдау арқылы ағымдағы жаңарту күйін, соның ішінде соңғы сәтті жаңартудың күні мен уақытын көруге және жаңарту керектігін не керек еместігін анықтауға болады.

Автоматты жаңартулармен қоса қолмен жаңартуды іске қосу үшін Жаңартуларды тексеру түймешігін басуға болады.

PAGE_UPDATE

Кеңейтілген орнату > Жаңарту бөлімі жаңарту режимі, прокси серверіне кіру және LAN байланыстары сияқты қосымша жаңарту параметрлерін қамтиды.

Егер жаңартуда қиындықтар туындаса, жаңарту кэшін тазалау үшін Тазалау опциясын басыңыз. Егер бәрібір бағдарлама модульдерін жаңарта алмасаңыз, «Модульдерді жаңарту сәтсіз аяқталды» хабарының ақаулықтарын жою бөлімін қараңыз.

CONFIG_UPDATE_ROLLBACK