Компьютерді қорғау
Компьютер қорғанысы түймесін Баптау терезесінен басып, барлық қорғаныс модульдері туралы жалпы шолуды көріңіз.
•Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау
oПроактивті қорғау – ESET LiveGuard талдау нәтижесін алғанға дейін жаңа файлдарды орындауды блоктайды. Талданып жатқан файлды блоктан шығарғыңыз келсе, файлды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, ESET LiveGuard талдаған файлды блоктан шығару тармағын таңдаңыз.
•Хостқа енуді болдырмау жүйесі (HIPS)
Жеке қорғау модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін
жүгірткі жолағы белгішесін басыңыз.
Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін. |
Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы
тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.
Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау үшін
тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:
•Конфигурациялау – Файлдық жүйені нақты уақыт қорғаудың Кеңейтілген баптау бетін ашады.
•Шығарып тасталғандарды өңдеу – Шығарып тастауды баптау терезесін ашып, қалаған файлдарды және қалталарды қарап шығу тізімінен алып тастауға мүмкіндік береді.
веб-камераны қорғау үшін
тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:
•Конфигурациялау – Веб-камераны қорғаудың Кеңейтілген баптау бетін ашады.
•Қайта қосуға дейін барлық рұқсаттарды блоктау – Компьютер өшіп-қосылғанға дейін веб-камераға қатысты барлық рұқсаттарды блоктайды.
•Барлық рұқсаттарды біржола блоктау – Осы параметр өшірілгенге дейін веб-камераға қатысты барлық рұқсаттар блокта болады.
•Барлық рұқсаттарды блоктауды тоқтату – Веб-камераға қатысты барлық рұқсаттарды блоктау мүмкіндігін өшіреді. Бұл опцияны Веб-камера рұқсаты блокта болған кезде ғана қолдануға болады.

Антивирустық және антишпиондық қорғауды кідірту — Антивирустық және антишпиондық қорғау модульдерінің барлығын өшіреді. Қорғауды өшіргенде Уақыт аралығы ашылмалы мәзірін пайдаланып қорғау қанша уақыт бойы өшірулі болатынын анықтауға болатын терезе ашылады. Сіз тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз немесе ESET техникалық қолдау қызметінен нұсқаулар алған болсаңыз ғана пайдаланыңыз.
