ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Интернетті қорғау

Интернетті (веб және электрондық пошта) қорғау параметрлерін конфигурациялау үшін Орнату терезесіндегі Интернетті қорғау түймешігін басыңыз. Осы жерден бағдарламаның егжей-тегжейлі параметрлерін ашуға болады.

Жеке қорғау модульдерін тоқтата тұру немесе ажырату үшін MODULE_ENABLED жүгірткі жолағы белгішесін басыңыз.


warning

Қорғаныс модульдері өшірілген кезде, компьютердің қорғаныс деңгейі төмендеуі мүмкін.

PAGE_SETTINGS_ANTISPAM

Қорғау модулінің қосымша параметрлеріне қол жеткізу үшін осы модульдің жанындағы GEAR тісті дөңгелек белгішесін басыңыз.

Ата-ана баќылауы модулі балаларыњызды интернеттегі бейѕдеп немесе зиянды мазмђнды блоктау арќылы ќорѓайды.

Интернетке қосылу мүмкіндігі – жеке компьютерлердегі стандартты мүмкіндік. Өкінішке орай, интернет зиянды кодты тасымалдаудың негізгі құралына айналды. Осыған байланысты, Веб-қатынасты қорғау параметрлерін мұқият қарастыру маңызды.

Антифишингтік қорғау фишинг мазмұнын тарату үшін белгілі веб-беттерді блоктауға мүмкіндік береді. Антифишингті қосылған күйінде қалдыру ұсынылады.

Электрондық пошта клиентін қорғау POP3(S) және IMAP(S) протоколдары арқылы алынатын электрондық пошта хабарларын бақылауды қамтамасыз етеді. Электрондық пошта клиентіне қосылмалы модульді пайдаланып, ESET Smart Security Premium электрондық пошта клиентінің барлық байланыстарын бақылауды қамтамасыз етеді.

Спамнан қорғау қалаусыз электрондық пошта хабарларын сүзеді.

Спамнан қорғау үшін GEAR тісті дөңгелек белгішесін басып, мына опциялардан керегін таңдаңыз:

КонфигурацияланудаЭлектрондық пошта клиентін спамнан қорғаудың кеңейтілген параметрлерін ашады.

Пайдаланушының мекенжайлар тізімі (егер іске қосылса) – Спамға қарсы ережелерді анықтау үшін мекенжайларды қосуға, өңдеуге немесе жоюға болатын диалогтық терезені ашады. Бұл тізімдегі ережелер ағымдағы пайдаланушыға қолданылатын болады.

Ғаламдық мекенжайлар тізімі (егер іске қосылса) – Спамға қарсы ережелерді анықтау үшін мекенжайларды қосуға, өңдеуге немесе жоюға болатын диалогтық терезені ашады. Бұл тізімдегі ережелер барлық пайдаланушыларға қолданылатын болады.